Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1180562
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Террор ұйымына ‘Тырнақ’ соққысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіне жасалған әуе шабуылында іздеу салынған террористтер тізімінің қызыл категориясындағы PKK террор ұйымы басшыларының бірі Мехмет Сойсүреннің залалсыздандырылғанын жариялады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Тырнақ» операциясында 20-ға жуық нысананың жойылғаны да атап көрсетілді.

Хабертүрік газеті «Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой: Орыстардың көңілін жаулап алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризмминистрі Мехмет Нури Эрсой Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі Большой театрында Түркия мен Ресей арасында жарияланған «2019 Түркия-Ресей мәдениет және туризм жылы» аясында көрсетілімге кіретін Троя операсын тамашалады.  Эрсой «Түркия – Ресей мәдениет және туризм жылдығының салтанатты ашылу кешінде Большой театрындағы 'Троя' қойылымымен орыстардың көңілін жаулап алдық. Көрермендер ұзақ уақыт қол шапалақтады. Өзара мәдениет пен туризм жылының жабылу рәсімі Стамбул Перада ашылатын бір орыс көрмесімен аяқталады.

Хүррийет газеті «Түрік өнімі балмұздақ атты фильм шетел турында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Чанаккале соғысы кезінде Австралияда өмір сүрген екі түріктің елдері үшін жүргізген күресін тақырып қылған «Түрік өнімі балмұздақ» атты фильм Еуропада киносүйер қауымға ұсынылады. Болған оқиға желісімен түсірілген Джан Уткайдың фильмі 11 сәуір күні Германия,  Австрия,  Бельгия, Дания, Франция және Голландияда көрсетіледі.

Сабах газеті «ТӘЖ Стамбул әуежайы кеше 103 мың 850 жолаушыны қонақ етті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Стамбул әуежайында кеше 103 мың 850 жолаушыға қызмет берді. ТӘЖ Бас директоры Билал Экши жасаған мәлімдемеде ТӘЖ-ның Стамбул әуежайында кеше барлығы 565 сапар ұйымдастырғанын білдірді. Экши «Барлығы 103 мың 850 жолаушымызға қызмет көрсеттік. Іс сәтті жалғасуда. Одан да жақсы болмақ» деді.

Стар газеті «Анталияда 3 мың 600 жылдық батқан кеменің қалдығы табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияда 3 мың 600 жылдық батқан кеме қалдығы табылды. Кеменің ішінен мыс құймалары шығарылған 14 метр ұзындығындағы кеме қалдығының әдеттегідей бір Қола дәуірі сауда кемесі екені болжалады. Анталия губернаторлығының мағлұматтарына қарағанда Кипрда шығарылған кендер б.з.б. 16 немесе 15-ғасырда құйылған көрінеді. Құймалардың кемемен Гирит немесе Эгей жағалауындағы бір портқа бағыт алған кезде қарқынды бір дауылдың салдарынан суға кеткені болжалады.



Ұқсас жаңалықтар