Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1176854
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркия S-400 зымырандарына байланысты кері қадам баспайды» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның S-400 әуе қорғаныс жүйесінің аяқталған бір келісім екенін, бұдан кейін кері қадам баспайтындарын айтқанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда S-400 әуе қорғаныс жүйесінің F-35 соғыс ұшақтарын қамтыған барлық НАТО жүйелерін дұшпан ретінде қарамайтынын айтқан Чавушоғоұ F-35 бағдарламасы Америка Құрама Штаттарының Түркияны қамтыған НАТО одақтастарына жасаған басқа әскери жүйелерін сату сияқты болмағанын айтты. Чавушоғлұ Түркияның F-35 бағдарламасының бір бөлшегі екенін білдірді.

Стар газеті «Германия энергияда Түркиямен ынтымақтастық жасағысы келеді» атты тақырып қолданды. Газет Германия Экономика және энергия министрлігі кеңесшісі Оливер Уиттің мемлекетінің Түркияның ең маңызды партнері екенін білдіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияда жаңалануға болатын энергияның тіпті көп күн тәртіпке келе бастағанын түсіндірген Уит «Түркиямен энергия саласында тіпті қою ынтымақтастық жасағымыз келеді» деді. Түркия мен Еуроодақ арасындағы Кеден Одағының күн тәртіпке де келгенін де меңзеген Уит «Еуроодақ деңгейінде бұны талқылаудамыз. Бұл жерде екі жақтың да қабылдауымен еркін сауда үшін бір нәрсе жасауға болады. Бір жұмыс тобы осы тақырыппен айналысуда. Түркиядағы достарымызбен бұны қолға алудамыз» деді.

Сабах газеті хабарын «Ресеймен саудадағы нысаны 100 миллиард доллар» деген тақырыбымен бірді. Газет Түркия және Ресей экономикалық қарым-қатынастарын күшейтетін қадамдарға жаңасының қосылғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия шілде айында Ресейдің Екатеринбург қаласында ұйымдастырылатын «INNOPROM» өнеркәсіп жәрмеңкесіне партнер ретінде қатысады. Екі ел арасында екі жақты сауда 25.7 миллиард долларға ұласты. Басты нысана бұны 100 миллиард долларға шығару. Екі ел ортақ бір сыртқы сауда әрекет жоспарын дайындайды. Осы әрекет жоспар арқылы әрі Түркия, әрі Ресейдің күшті жақтарын үшінші елдерге және нарықтарға бір апару.

Йени Шафак газеті «Халықаралық Аяқ киім мода жәрмеңкесі қақпаларын ашты» атты хабарға орын берді. Газет осы салада әлемнің ең үлкен екінші іс-шарасы болған және биыл 61-шісі ұйымдастырылған Аяқ киім мода жәрмеңкесінің Стамбул Йешилкөйде басталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда жәрмеңкеде 1 астам марканың ең жаңа модалары көрсетіледі. Жәрмеңкеге Ресей, АҚШ және Еуропа елдері болып, 60 елдің фирмалары қатысады. Жәрмеңке 6 сәуір күніне дейін жалғасады.

Хүрриет газеті «Түркияның құс жаннаты туристерді күтуде» деген тақырып қолданды. Газет тап-таза суы, керемет табиғаты, 193 құс түрі болған Хатайдың Кырыкхан ауданындағы Гөлбашы көлінің туристтерді күткенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда бұл көл фотосуретшілер мен саяхатшылардың өте қызығатын жеріне айналды.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар