Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  «Алтун:  PKK-ға тағы бір соққы жасадық» деген хабарға орын берді. Газет Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун твиттер арқылы мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Алтун жеке твиттер парақшасынан бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның басшысы Джемил Байыктың ең жақын адамы Рыза Алтун мен қасындағы террористтердің Ұлттық барлау ұйымы және Түрік қарулы күштерінің Ирактың Кандил тауы аймағына ортақ әуе операциясы барысында залалсыздандырылғанын білдірді. Алтун «PKK-лық террорист Рыза Алтун мен оның қасындағылар қауіпсіздік күштеріміздің табысты әуе операциясымен залалсыздандырылды. Мемлекетіміз террормен табанды түрде күресуде» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Министр Пекжан: барлық жұмыстарды электрмен жасаймыз» атты тақырып қолданды. Газет экспортта барлық жұмыстардың жаңа электр мүмкіндіктері арқылы жасалатынын жазған. Газеттің хабарына қарағанда барлық жұмыстардың жаңа  электр мүмкіндіктері арқылы жасалатынын білдірген Пекжан осылайша үлкен бетбұрысты жүзеге асыратындарын атап өтті.

Хүрриет газеті хабарын «Неміс алпауыты Стамбул әуежайына рейстерін бастайды» деген тақырыбымен берді. Газет Германия авиация тобы Lufthansa-ның 7 сәуірден бастап Түркияға рейстерін Стамбул әуежайы арқылы бастауға дайындалғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда фирмадан жасалған мәлімдеме бойынша Стамбул әуежайының халықаралық әуе жолдары үшін ыңғайлы жағдайға келгеннен кейін Lufthansa Ататүрік әуежайынан жаңа мекенжайға көшеді.

Стар газеті «Жәрдем үшін Түркия жүгірді» атты хабарға орын берді. Газет Түркия діни қорының Сирияда ішкі соғыстан зардап шеккен 40 мыңнан астам жетімді тексеруден өткізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия діни қоры екі жыл бұрын бастаған бағдарлама арқылы Сирияда ішкі соғыс салдарынан медициналық мүмкіндіктерден пайдалана алмаған жетімдерді түрік дәрігерлері тексеруден өткізуде. Тексеруден кейін жетімдердің науқас жағдайы бойынша ақысыз дәрі-дәрмек беруде.

Йени Шафак газеті «ATAK Бразилияда шоу жасады» деген тақырып қолданды. Газет Латын Американың ең үлкен қорғаныс өнеркәсібі жәрмеңкесінде көрсетілетін T129 ATAK тікұшақтары алғаш рет Бразилияда шоу жасағанын хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Бразилия баспасөздері T129 ATAK тікұшақтарының ұшуларына қатты назар аударды. Рәсімге қатысқан бразилиялық ұшқыш және әскери қызметкер екі ел ұшқыштары бірге қолданған T129 ATAK тікұшақтарының ұшу және перформансын қызыға тамашалады.

        

 

 



Ұқсас жаңалықтар