Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1159372
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Фуат Октай маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Президент орынбасары Фуат Октайдың Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу тақырыбында «Түркия S-400 зымырандарымен байланысты өз мүддесін ойлап, қажетті шешімді өзі қабылдады» дегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Фуат Октай «Кезкелген мәселеде әсіресе келісімге қол қойылған бір тақырыпта қажетті шараны қолданармыз. Түркияның қасарушылық сияқты ұстанымдары да жоқ» деді.

Хүрриет газеті «Ирактың солтүстігіне әуе операциясы» атты тақырып қолданды. Газет Түрік қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK  нысаналарына әуе операциясы жасағанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер парақшасында жасаған мәлімдемеде «Матина, Зап, Авашин-Басиян және Хакурк аймақтарына ұйымдастырылған операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның қару бекінісі, баспана, үңгір және оқ-дәрі қоймаларынан тұратын нысаналары жойылды» делінді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Машина экспорты екі айда 2.7 миллиард долларға жетті» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда  Түркияның машина экспорты жылдың алғашқы екі айында 2018 жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 8.1 пайыз артып, 2.7 миллиард долларға жеткеніне орын берді. Машина экспортшылар одағынан жасалған мәлімдеме бойынша екі айлық экспортта Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция және Испания елдеріне жасалған машина экспортында 20 пайыздың үстінде арту болды.

Сабах газеті «Түрік ғалымдар тобы елге оралды» атты хабарға орын берді. Газет Түрік ғалымдар тобының Үшінші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясы аясында 29 қаңтарда басталған қиын сапарының аяқталғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Антарктика ғылыми экспедициясына барған түрік тобы 36 күндік іссапардан кейін елге оралды. Мұзды құрлықта теңізден және қардан көптеген үлгі жинаған топ бұларды зертеу үшін Түркияға әкелді.

Стар газеті «Берлинде Түркия назар аударды» деген тақырып қолданды. Газет Германияның астанасы Берлинде әлемнің ең үлкен туризм жәрмеңкесі болған «53-ші Берлин Халықаралық туризм биржасы жәрмеңкесінің» басталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда әлемнің 186 елінен 10 мыңнан астам туризм секторы басын қосқан жәрмеңкеде Түркия станды қатты назар аударды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар