Түрік баспасөзіне шолу
Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Хүррийет газеті «Ирактың солтүстігіне әуе операциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіне жасалған әуе операциясында террор ұйымына тиесілі нысаналардың жойылғанын мәлімдеді. Министрліктің ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Ирактың солтүстігі Хакурк пен Зап аймақтарына жасалған әуе операциялары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы тарапынан қару бекінісі, баспана және оқ-дәрі қоймасы ретінде қолданылған нысаналар жойылды» делінді.
Стар газеті «Акар: Манбидж пен Евфраттың шығысын террордан тазалау үшін жоспарларымыз дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Манбидж пен Евфраттың шығысын террордан тазалау, шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сириялық бауырларымыздың сенімді түрде үйлеріне оралуы үшін жоспарларымыз дайын. Сәті түскенде құрметті президентіміздің бұйрығымен осы жоспарлар іске қосылатын болады» деді.
Сабах газеті «Түрік әуе жолдарымен 272 мың 821 жолаушы ұшты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары Стамбул әуежайында алғашқы рейстер басталған 2018 жылдың 31 қазан күнінен бастап, 2 мың 173 ұшақ ұшты. Ұшақтардағы жолаушы саны болса 272 мың 821 жолаушы ретінде тіркелді. Твиттер арқылы мәлімдеме жасаған Түрік әуе жолдары Бас директоры Билал Экши «Стамбул әуежайында жаңа желілерімізбен өсуіміз жалғасуда. Стамбул әуежайы авиация саласының Жеңіс ескерткіші» деді.
Йени шафак газеті «Аяқ киім саласында Ресей бастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эгей тері мен тері өнімдері экспортшылары одағының «Түркия ұлттық өнімдері организациясы» аясында25-28 ақпан күндері арасында Мәскеу Сокольники паркінде жүзеге асатын «Euro Shoes Premiere Collection» көрмесіне 13 түрік фирмасы қатысуда. Фирмалар аяқкиім экспортын арттыру үшін талпынады.
Ватан газеті «Хобби ретінде бастаса да, қазір 7 елге экспорттайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Токат қаласында сәндік тауық өндірушісі Аднан Демир тауықтардың жұмыртқаларын экспорттай бастады. Демир сәндік тауық түрінен тапқан түрлі-түсті жұмыртқаларды әлеуметтік медиа арқылы сатуда. Демир «Қазір жұмыртқаларды тапсырыспен жолдаймыз. Ел көлемінде сұраныстарға қарап жіберетін едік, енді шетелге экспорттаймыз. Қазір 7 елге жұмыртқа жіберемін» деді.