Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1150454
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Чавушоғлұ СКТР төңірегінде 2 кемемен мұнай іздейміз» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның алдымыздағы күндерде Кипр төңірегінде  2 кемемен мұнай іздей бастайтынын айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда кеше Айдында іскерлер жиналысында сөз сөйлеген Чавушоғлұ Эгей теңізі, Шығыс Жерорта теңізі және Кипр төңірегіндегі энергия байлықтарының Түркия үшін стратегиялық нысана және ұлттық мәселе екенін түсіндіріп, «Кипр түрік халқының және Түркияның құқықтарын қорғап келеміз. Бұдан кейін де қорғаймыз» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Үндістандық туристтердің Түркияға деген қызығушылығы артты» атты тақырып қолданды. Газет Үндістаннан Түркияға келген турист санында 2017 жылымен салыстырғанда 80 пайыз арту болғанын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Үндістанның өкілетті және төтенше елшісі Санжай Бхаттачариа баяндама жасады. Санжай Бхаттачариа баяндамасында үндістандық туристердің көбінесе Стамбул, Кападокия және Анталияға келгенін еске салып, «Эрзурум, Ван көлі және  Карс сынды өңірлерді туристтерге бір пакет ретінде ұсынуға болады. Осылайша үндістандық туристтерді де баурауға болады. Сонымен қатар Қаратеңіз де туризм жағынан бай әлеуетке ие» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Түркияның жел энергетика күші артты» деген тақырыбымен берді. Газет Түркияның жел энергетика күшінің өткен жылмен салыстырғанда 497 мегаватт артып, 7 мың 369 мегаваттқа ұласқанын хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Түркия 2018  жылы жел энергетика күші тұрғысынан Еуропа Одағы елдері, үміткер елдері, Ресей және Украинаның да болған 38 ел арасында алтыншы орынды иеледі. Еуропа жел энергетика одағы WindEurope 2018 жылы статистика рапорты  қорытындысына қарағанда Еуропа Одағы елдері, үміткер елдері, Ресей және Украинаның да болған 38 елдің жалпы энергетика күші 189 мың 22 мегаваттқа шықты.

Йени Шафак газеті «Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы сауда көлемі артты» атты хабарға орын берген. Газет Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы сауда көлемінің теңдестірілуге аз қалғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда  Еуропа Одағының өткен жылы 77,3 миллиард евролық экспортқа қарата Түркия Еуропа Одағына 76,3 миллиард евролық экспорт жасады.

 Сабах газеті «Жергілікті турист шетелде 4,9 миллиард доллар жұмсады» деген тақырып қолданды. Газет өткен жылы шетелге шыққан 8 миллион 383 мың  түрік азаматының жиыны 4 миллиард 896 миллион доллар жұмсағанына орын берді. Газеттің хабары бойынша Түркия статика мекемесі интернет сайтынан жасаған мәлімдемеге қарағанда түрік азаматының өткен жылы шетелде жұмсаған туризм қаражаты адам басына шаққанда  орташа есеппен 584 доллар болды.

 



Ұқсас жаңалықтар