Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1149639
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі мұнай іздеу шараларын тоқтатпайтынын айтқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Алтындағ Карапурчек Көрұлы Паркінде ұйымдастырылған топтық тұсау кесер мерәсімінде сөйлеген сөзінде  Шығыс Жерорта теңізіндегі мұнай іздеу іс шараларына байланысты сындарға наразылық көрсетті. Президент Ердоған мәлімдемесінде «Еліміздің және Солтүстік Кипрдегі бауырластарымыздың энергия байлықтары жөніндегі құқымыздан әсте бас тартпаймыз. Мұнай іздеу жұмыстарымыз соңына дейін жалғасады, Құдай қаласа, ұлтымызға асыға күткен шүйіншілі хабарды  жеткіземіз» деп баса түсіндірді.

Стар газеті «Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Алиевпен кездесті» атты тақырып қолданды. Газет Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмездің кеше «Оңтүстік Газ Коридоры ақылдастар кеңесі 5-ші кезекті министрлер жиналысына» қатысу үшін Әзірбайжанға барғанын, сондай-ақ Әзірбайжан президенті Илхам Алиев тарапынан қабылданғанын» жазған. Газеттің хабарына қарағанда Әзірбайжан президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Алиев Транзит Анадолы табиғи газ құбыр желісімен бірге 1 миллиард текшеметрден астам табиғи газдың Түркияға тасымалданғанын айтты. Мәлімдемеде министр Дөнмез де  сөздеріне орын берді, Дөнмез  Транзит Анадолы табиғи газ құбыр желісі және STAR мұнай өңдеу сынды үлкен жобаларды жалғастыратындарын баяндады.

Хабар Түрік газеті хабарын «Түрік хирургтері шетелде операция жасауда» деген тақырыбымен берді. Газет Түркияның бірқатар университетінің 6 ерікті профессордың Ирактың Киркук қаласына барып жағдайы ауыр болған 30 науқастарға күрделі  операция жасағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Гази, Йылдырым Беязыт, Османгази, Нежметтин Ербакан және Селчук университтерінің 6 ерікті профессоры мен тобы Киркукте конференциялар арқылы медицинаның жаңалықтарын түсіндірді.

Хүрриет газеті «89-шы Женева автомобиль жәрмеңкесіне аз уақыт қалды» атты хабарға орын берді. Газет әлемнің ең маңызды автомобиль жәрмеңкесі ретінде қабылданған Швейцариядағы 89-шы Женева автомобиль жәрмеңкесінің басталуына аз уақыт қалғанын мәлімдеді.  Газеттің хабарына қарағанда 7-17 наурыз күндері аралықтарында өтетін Женева автомобиль жәрмеңкесі өте керемет болады. Алғаш рет 1905 жылы басталған және 1924 халықаралық жәрмеңке ретінде қабылданған 89-шы Женева автомобиль жәрмеңкесіне түрік фирмалары да қатысады.

Стар газеті «Стамбулда Дон Кихот іс-шарасы» деген тақырып қолданды. Газет Еуропаның әйгілі романы «Дон Кихот»-тың авторы  Мигель Сервантеспен байланысты «Сервантес Стамбулда» атты іс-шараның ұйымдастырылатынын жазған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар