Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия туралы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1148944
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Жаңа бір көш толқыны болған жағдайда, біз оны жалғыз өзіміз көтере алмаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда өткен Будапешт процесі 6-шы Балқан конференциясы ашылу қонақасыда сөз сөйледі. Ердоған Идлиб келіссөздерінің үлкен бір көш толқынының алдын алғанын атап «Жаңа бір көш толқыны болған жағдайда,  біз оны жалғыз өзіміз көтере алмаймыз. Еліміз террордан тазалаған аймақтар - Сирияның өмір сүруге ыңғайлы ең тыныш аймақтары. Дағдарыстың алғашқы жылдарында біз ұсынған сенімді аймақ формуласы -  сириялық босқындар үшін ең орынды шешім жолы» деді.

Хүррийет газеті «Фазыл Сай Бременде концерт қойды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге әйгілі пианист және композитор Фазыл Сай Германияның Бремен қаласында концерт қойды. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және жұбайы Элке Бюденбендер де тамашалаған концертте Сай Стивен Слаоне басқарған Бремен Филармониясымен «Вольфганг Амадей Моцарт», «Леонард Бернстайн» және «Джордж Гершвин» секілді белгілі композиторлардың музыкалық шығармаларын орындады.

Ватан газеті «Куәлікпен саяхат арқылы молдовалық турист саны 200 мыңнан аспақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Молдова арасында кеше басталған екі жақты жеке куәлікпен саяхат кезеңінде Молдовадан келетін турист санының 200 мыңнан асуы күтіледі. Түркияға Молдовадан келетін турист саны өткен жылы 13,25 пайыз артып, 194 мың адамға ұласқан еді.

Стар газеті «Кейде 50 сантиметрге ұласады: Демалыс орнына келушілер саны артты» атты хабар жариялаған. Карс-Ардахан шекарасындағы Шығыс Анадолының ең үлкен екінші көлі болған Чылдыр көлінде жергілікті және шетелдік турист саны артты. Мұз қалыңдығы кейбір жерлерде 30 бен 50 сантиметрге ұласқан көл үстінде туристтер мұздың үстінде жылқы тартқан шаңғыларға мініп дем алуда.

Хабер түрік газеті «Аорта аневризмі операциясында түрік қолтаңбасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік ғалымдары екі жапырақты жүрек қақпақтарынан және жүректен шыққан негізгі тамырлардағы аорт аневризмі бар бір науқасқа жабық түрдегі операция әдісімен биологиялық жүрек қақпағы мен тамыр салды. Анкара Университеті Медицина Факультеті жүрек пен тамыр хирургиясы кафедрасы аға оқытушысы доцент доктор Серкан Дурду аорт аневризмінде жабық түрде хирургия әдісімен арнайы бір анастезия пайдаланып, осы салада жаңа бір операция жасағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар