Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1140448
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «S-400 зымыран қорғаныс жүйелерінің Түркияға келетіні жарияланды» деген хабарға орын берген. Газет Ресей Федерациясының Әскери және техникалық ынтымақтастық басқармасы төрағасы Дмитрий Шугаевтің S-400 зымыран қорғаныс жүйелерінің  келісімге сай 2019 жылы күзде Түркияға тапсырып берілетінін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Шугаев «Түркияның сұранысындағы ақша құны қазір 1 миллиард доллардан асты. Тапсырып беру мерзімін екі рет алдыға алдық және 2019 жылы күзде S-400 зымыран қорғаныс жүйелерін тапсырып береміз» деді.

Ватан газеті «Денсаулыққа пайдалы қара құм» атты тақырып қолданды. Газет Қаратеңіз аймағында табылған ерекше қара құмның, адамның нерв жүйке жүйесінің әлсіреуіне,  ұйқысыздыққа, буын ауруларына, алапес сынды ауруларға өте шипалы екенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда әлемнің белгілі аймақтарында ғана болған және Түркия бойынша Қаратеңіз аймағындағы Орду провинциясының Уние ауданында табылған ерекше қара құм бірқатар ауруларға пайлады.

Хабар Түрік газеті хабарын «Түрік Әуе жолдары тағы бір футбол бәсекесіне демеуші болуда» деген тақырыбымен берді. Газет әлемнің ең маңызды демеушілігіне қол таңбасын басқан Түрік Әуе жолдарының Латын Америкада әлемнің ең үлкен футбол бәсекесі болатын  Аргентинаның Суперкласикада өзін көрсетуге дайындалғанын жариялады.

Йени Шафак газеті «Huawei Түркияда түсірілген алғашқы жарнама фильмін қойды» атты хабарға орын берген. Газет Қытайдың телефон өндіруші фирмасы Huawei-дің 2019 жылғы теледидар жарнама фильмінің қойылғанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда фирманың Түркияда түсірілген жарнама фильмі «Huawei Мобиль Түркия» атты фильмі YouTube каналында жарияланды. Жарнама фильмінде Түркияның тарихи мұражайлары мен сұлу табиғаттарына орын берілді.

Стар газеті «Шетелдік инвестор биржада 2019 жылына үлкен қызығушылықпен бастады» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда  Биржа Стамбулда қаңтар айында шетелдік инвестор 798 миллион долларлық акция  алды. Шетелдік инвесторлар 2019 жылының алғашқы айында артқан жаһандық рисктің ықпалымен Биржа Стамбулда батыл түрде акция алуға шешім жасады.

 



Ұқсас жаңалықтар