Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1138887
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Сириялық Фида: Түріктерді көргенде осы әлемнің әлі де керемет екенін сезінемін» деген хабарға орын берген. Газет Сирияда Башар Асад режимінің шабуылында аяғанын, әкесі мен бауырларынан айрылуына қарамастан шекарадағы босқын лагерінде мұғалімдік жұмыс істеген Фида Хасанның түрік азаматтық ұйымдарының қолдауымен протез аяқ салдырғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда TRT-ге сұхбат берген Фида «Түрік ұлты кішіпейіл. Көшеде мені көрген адамдар маған көмектеседі. Өйткені мен сол кезде дөңгелекті орындықпен күн кешірген едім. Түріктерді көргенде осы әлемнің әлі де керемет екенін сезінемін. Оларға қатты ризамын» деді.

Сабах газеті «Түркия әлемде алғашқы 10 қорғаныс өндірушілердің бірі» атты тақырып қолданған. Газет Қорғаныс министр орынбасары Сердар Демирелдің сөздеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Сердар Демирел «Түрік қорғаныс өнеркәсібінің өткен 15 жылына қаралғанда тез қарқында ілгерілегенін көреміз. Түркия әлемде алғашқы 10 қорғаныс өндірушілердің бірі» деді. Түркияның отандық танкы басқалардың ешбір үлесі болмай-ақ өздерінің дамытқанын, F-35 соғыс ұшағы жобасын да жүзеге асырғанын білдірген Демирел «Өз жаттықтыру ұшақтарымызды дамыттық. Тікұшақтарымыз ‘Gökbey’ тест ұшуын жалғастыруда» деген сөздер қолданды.

Стар газеті хабарын «Әлемнің ең сенімді банктары арасында Түрік банкісі де бар» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда  Ziraat Банкісі әлемнің алдыңғы қатардағы банктерін бағалау фирмасы Brand Finance-нің бағалауы бойынша  Ziraat Банкісі әлемнің ең мықты 500 қатарында орын алды. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде ең құнды Түрік банкісі болған Ziraat Банкін құттықтады.

Йени Шафак газеті «Түрік Әуе жолдарының жаңа жарнама фильмі  Super Bowl-да қойылды» атты хабарға орын берген. Газет Түрік Әуе жолдарының әйгілі ағылшын кинорежиссері Ridley Scott-пен бірге түсірген «Жолға сапар» атты қысқа фильмінің әлем ең көп тамашалаған спорт іс-шарасы Америка футболының финалы Super Bowl-да қойылғанын мәлімдеген. Газеттің хабарында жарнама фильмінде Түркияның географиялық ерекшеліктері, бай мәдениеті, тарихи мұражайлары, дәстүрлері және әсем қалалары таныстырылды.

Хүрриет газеті «Газиантепке туристтер қызығушылық көрсетуде» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Газиантептің Месопотамия және Жерорта теңізі арасында орналасуы, оңтүстік және Жерорта теңізінен шығысқа, солтүстікке және батысқа баратын жолдардың торабында болуы, тарихи Жібек жолының осы жерден өтуі өркениет тарихына және бүгінгі күнге бағыт берген. Айырықша осы қала барлық дәуірде мәдениет және сауда орталығы болу ерекшелігін сақтаған. Осы қалаға соңғы кезеңде туристтер көп келе бастады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар