Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1136884
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Чавушоғлұ: Адана келісімінің бізге пайдасы тиеді» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Адана келісімінің мән-жайын түсіндіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ «Келісімінің қосымша бөлімінде түсініктеме бар. Келісім жақсы атқарылатын болса бізге пайдасы тиеді» деді.

Хабар Түрік газеті «Түркия БҰҰҚК-нің Кипр шешіміне наразылық көрсетті» атты тақырып қолданды. Газет Сыртқы істер министрлігінің  30 қаңтар күні қабылданған Кипрде БҰҰ Бейбітшілік Күші Миссиясының міндет мерзімімен байланысты мәлімдеме жасағанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда мәлімдемеде «Бұл шешім Кипр мәселесінің шешімі жөніндегі талпыныстарға нақтылы үлес қоспайды. БҰҰ Бейбітшілік Күші Миссиясының міндет мерзімінің ұзартылуында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы үкіметінің хабары болмауы үлкен бір кемшілік» деген сөздерге орын берілді.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркияның экспорты артты» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияның экспортының 2018 жылы желтоқсан айында жалғасты көбейгеніне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесі мен Сауда министрлігінің ынтымақтастығымен жасалған 2018 жылына байланысты уақытша сыртқы сауда санақтары жарияланды. Санақтарға қарағанда өткен жылының бірдей айымен салыстырғанда 0,2 пайыз артқан экспорт 13 миллиард 879 миллион долларға көтерілді. Түркияның Еуропа Одағына болған экспорты желтоқсан айында артты.

Хүрриет газеті «Ресейге 30 миллион  долларлық қызанақ экспорты» атты хабарға орын бірді. Газеттің хабарына қарағанда  Түркиядан Ресейге 2018 жылы 37 мың 107 тонна қызанақ сатылды және бұның нәтижесінде  30 миллион  634 мың  892 доллар кіріс түсірді. Ресейге алдыңғы жылы 2 мың 75 тонна қызанақ экспорт етілді.

Ватан газеті «Түркия үшін сүйінші хабар» деген тақырып қолданды. Газет Түркияға 2018 жылы келген турист санының 46 миллион 112 мың 592-ге ұласқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда шетелде өмір сүрген 6 миллион 624 мың 191 азаматтың да қосылған көрсеткіштермен бірге Түркияға келушілер санының барлығы 46 миллион 112 мың 592-ге ұласты. Министрліктің мағлұматтарына қарағанда Түркияға ең көп турист 2018 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 26,49 пайызбен 5 миллион 964 мың 613 келуші санымен Ресейден келді. 4 миллион 512 мың 360 келуші санымен Германия екінші, келуші саны %28,82 өскен Болгария 2 миллион 386 мың 855 туристпен 3-ші орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар