Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1132106
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік «Сүлейманиеге рейстер қайта басталады» деген хабарға орын берген. Газет Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Турханның Ирактың солтүстігіндегі Сүлейманиеге ұшу тыйымының 25 қаңтар күні күшін жоятынын білдіргенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда Ирак үкіметі Сүлеймание әуежайына рейс тыйымын 25 қаңтар күнінен бастап алып тастайды.  Министр Турхан да «Түрік Әуе жолдары Стамбул-Сүлеймание желісіне аптасына 7 рейсті қайта бастайды» деді.

Ватан газеті «Министр Албайрак: Түркия аймақтағы жалғыз тұрақты ел» деген хабарға орын берген. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың Түркияның орын алған аймақтағы жалғыз тұрақты ел екенін білдіргенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак Швейцарияның Давос қалашығында ұйымдастырылған 49-ші Бүкіләлемдік Экономикалық форумында «дамып жатқан нарықтардың көрінісі» атты сессияға қатысты. Бұл жерде сұрақтарға жауап берген Албайрак  аймақта болған барлық қиыншылықтарға  қарамастан Түркия экономикасының  жалғасты өскенін мәлімдеді.

Стар газеті «Түркияның Катарға экспорты 630 миллион доллардан 1 миллиард 19 миллион долларға ұласты» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның Катарға экспорты 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда 62 пайыз артты. Түркияның Дохадағы өкілетті және төтенше елшісі Фикрет Өзер 2019 жылы бұл санақтың 1 жарым миллиард долларға ұласатынын білдірді. Өкілетті елші Өзер Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың барған сайын күшейгеніне назар аударды.

Хүрриет газеті хабарын «Түрік аяқ киімі секторы Италияға беталды» деген тақырыбымен берген. Газет түрік аяқ киімі және сумка секторы өкілдері Италияда ұйымдастырылған «Expo Riva Schuh» атты жәрмеңкесіне қатысқанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Эгей тері және тері бұйымдары экспортшылар одағы басқару алқасы төрағасы Еркан Зандар «Expo Riva Schuh» жәрмеңкесінің әсіресе Еуропа текті іскерлер қатысатын бір жәрмеңке екенін баяндады. Зандар сонымен қатар Еуропа елдері баста болып, жылына 300 миллион жұп аяқ киімі экспорт етіп, 1 миллиард долларлық  шетелге сатуды көздегендерін атап өтті.

Сабах газеті «Зевгма мозайка мұражайын 266 мың адам зиярат етті» атты тақырып қолданған. Газет Газиантепте қала символы болған «Сыған қызы» атты мозайкаға үй иелігін жасаған Зевгма мозайка мұражайын өткен жылы 266 мың  560 адамның зиярат еткенін жазған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар