Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1125165
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Әуе операциясында 3 террорист залалсыздандырылды» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда,  Ирактың солтүстігіндегі Зап және Синат-Хафтанин аймақтарына бағытталған әуе операцияларында кемінде 3 террорист залалсыздандырылды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айырықша «Зап, Синат-Хафтанин аймақтарына 12 қаңтар күні ұйымдастырылған операциялар нәтижесінде террорлық ұйымның қару бекінісі,  баспана мен қоймалары жойылды» деп айтылды.

Хабер Түрік газеті әскери жаттығу хабарына орын берген.  Түрік Қарулы күштері тарапынан Сирия шекарасындағы жасақтарға қосымша ретінде жіберілген әскерлер Хатай маңында оқу жаттығуынан өтті.  Арнайы жасақтар да далада мина іздеу, шайқас алаңына келіп жету және бақылау жаттығуына шықты.

Сабах газеті «Түрік әуе кеңістігінен 15 секундта бір ұшақ өтті» деген тақырып қолданған.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Турхан былтыр Түркия әуе кеңістігінен орташа 15 секундта бір ұшақ өткенін білдірді.  Министр соңғы жылдары ұшақпен саяхаттаған жолаушы санының да артқанын айтып: «Соңғы 10 жылда әуе жолы арқылы сапарлаған жолаушы саны жыл сайын орта есеппен 10,5 пайыз артып, 62 миллионнан 210 миллионға жетті» деді.

Стар газеті «Ұлттық қарудың мақтаныш күні» атты хабар жариялаған.  Евфрат қалқаны мен Зәйтүн бұтағы операцияларында қабілетімен таң қалдырған отандық Ұшқышсыз әуе аппараттары әлемнің назарын аударды.  Катардан кейін Украина да алты дана «Байрактар TB2» типті ұшқышсыз әуе аппаратын алу үшін Түркиямен келісімге отырды.

Хүрриет газеті «Жапондар мен Оңтүстік Кореялықтар түрік азық-түліктерін таңдайды» деген хабарға орын берген.  Эгей экспортшылар одақтары тарапынан түрік азық-түлік өнімдерінің Жапония мен Оңтүстік Корея нарықтарына таныстырылуына бағытталып жүргізілген «Turquality» жобасы түрік өнімдерінің осы елдерге экспортын 36 пайыз арттырды.  Осы елдерге түрік азық-түлік өнімдерінің экспорты 115 миллион доллардан 156 миллион долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар