Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1116602
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған және Меркель телефонмен әңгімелесті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанжәне Германия премьер-министрі Ангела Меркель кеше телефонмен әңгімелесті. Президенттік аппараттан жасалған мәлімдемеге қарағанда басшылар екі жақты ынтымақтастыққа қоса, Сириядағы жаңалықтар, Еуропаға бағытталған заңсыз көш толқыны және террормен күрес тақырыптары қолға алынды. Екі басшы әрі Стамбул саммиті қорытындысының, әрі АҚШ-тың Сириядан кері шегіну шешімінің артынан кезеңнің қадағаланатыны баса айтты.

Сабах газеті «Әділет министрі Гүлден маңызды террор мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет министрі Абдүлхамит Гүл Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ/PDY) басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беру тақырыбында «Таяуда АҚШ-тық прокурорлар, лауазымдылар Түркияға келеді. Келесі айдан бастап, заңдық ынтымақтастық келісімі аясында бір кездесуіміз болмақ» деді.

Ватан газеті «Жылжымалы коммуникациялық абоненттіктер саны 81 миллионға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Мехмет Джахит Турхан Түркияда өткен жылдың соңында 77,8 миллион болған жылжымалы коммуникациялық абоненттіктер санының ағымдағы жылдың 3-ші ширегі аяқталғанда, 80,6 миллионға ұласқанын атап көрсетті. Министр Турхан Ақпараттық технологиялар мен коммуникация мекемесі (BTK) тарапынан жылдың 3-ші ширегіне қатысты дайындалған рапортта Түркия Электроникалық коммуникация саласы 3 айлық нарықтық көрсеткіштер рапортын жариялады.

Хүррийет газеті «Ирандық туристтердің таңдауы - Джыбылтепе» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның маңызды қыс туризмі орталықтарының бірі ретінде Джыбылтепе Шаңғы орталығы ирандық туристтерге толы. Карстың Сарыкамыш ауданында сары шырша ормандары, кристал қар мен ұзын шаңғы алаңдары туристерді қызықтыруда.

Хабертүрік газеті «2 мың 700 жылдық Фригия ойыншықтары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Фригия дәуіріне тиесілі кептірілген топырақтан жасалған шамамен 2 мың 700 жылдық 3 ойыншық теңдесі жоқ жәдігер ретінде Күтахия Археология мұражайында келушілерге таныстырылады. Күтахия Мұражайы директоры Метин Түрктүзүн жасаған мәлімдемеде Фригия кезеңі бала ойыншықтарының Симав ауданында 1976 жылы азаматтар тарапынан табылып, мұражайға тапсырылғанын атап көрсетті. Түрктүзүн фригтерден қалған жартастан ойып жасалған баспана мен ескерткіш мазар бөлмелері, шіркеу мен ғибадатханалар және пері мұржаларының бүгінге дейін сақталғанын атап, «Оваджыктағы Деликташ және Пентесер қорғандары мен Фундук ауылындағы қорған, қорғаныс мақсатты болып, Деликлиташ қорғанында кірістен кейін коридордан өтіп, қабаттардан түсе аласыз және бөлмелердің бірін аралайсыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар