Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1112339
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда кеше өткен топтық беташар рәсімінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нутаньяхуға қатты наразылық білдірді.  Ердоған: «Нетаньяху, сен басқа есікті қақтың. Ердоған – езілгендердің үні. Сен – залымдардың даусы. Сен мемлекеттік терроризм жасап отырсың.  Сен – залымсың» деді.

Йени Шафак газеті «Ибрахим Калын және Өмер Челиктен Нетаньяхуға наразылық» деген хабарға орын берген.  Түркияны Кипрда басқыншы деп көрсетіп,  түрік армиясының операциясына байланысты айыптаушы сөздер қолданған Беньямин Нетаньяхуға Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да наразылық білдірді.  «Елінде тергеумен басы қатқан Нетаньяху жұртшылықтың назарын басқа жаққа аударуға тырысуда,  бірақ босына.  Израильдің басқыншы және зұлымдық саясатын ешнәрсе жасыра алмайды,  біздің президентіміздің даусын өшіре алмайды» деді. Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик те «Президентімізге және армиямызға шабуылдау арқылы шындықты жасырып қаламын деп ойлайды» деді.

Сабах газеті «Кандил және Хакуркқа әуеден операция» деген хабар жариялаған.  Ирактың солтүстігіндегі Кандил және Хакурк аймақтарына бағытталған кешегі операцияларда 6 террорист залалсыздандырылды.  Әуеден операцияларда террористтік ұйымның үңгір және қоймалары жойылды.

Стар газеті «Каһраман Теңіз күштері Шығыс Жерорта теңізінде халықаралық су айдынында оқу жаттығуларына қатысты» деген тақырып қолданған.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми әлеуметтік есебінде қаһарман Теңіз күштерінің бір фрегаты мен тікұшағының Шығыс жерорта теңізінде халықаралық су айныдында оқу жаттығуға қатысқаны атап көрсетілді.  Хабарламада «Теңіз күштерінің бір фрегаты мен бір теңі тікұшағы мен Франция Теңіз күштерінің кемесінің қатысуымен 21 желтоқсан күні Шығыс Жерорта теңізінде халықаралық су айдынында теңіз оқу жаттығуы атқарылды» деп айтылды.

Хабер Түрік газеті «Анталия төрт жылдан кейін шетелдік турист санында Стамбулдан басып озды» деген хабар жариялаған.  Түркияның шетелдік туристер ең көп келген қалалар тізімінде 2000-2014 жылдар арасында бірінші орында болып келген Анталия 2014 жылы Стамбулдың артында қалып қойды.  Анталия қала кеңесі Туризм жұмыс тобы басшысы Реджеп Явуз ресми деректерге қарағанда биылғы жылдың қазан айының аяғында Анталияның шетелдік турист санының 12,5 миллионнан асқанын,  Стамбулға келген шетелдік турист санының болса 11 миллион 340 мың болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар