Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Ердоған батыс елдерінің адам құқықтарына наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның миллиондаған адамға қамқоршы болған кезде, батыс елдерінің босқындардың елдеріне кіруіне қатал шаралар қолданғанын білдіріп, «Кім адам құқықтарының қорғаушысы? Біз бе, әлде олар ма? Олар жауыздық жасаудан басқа нәрсе білмейді» деді. Түркияның гуманитарлық жәрдемде бірінші орын иелегенін білдірген Ердоған «Сеніміміз және тарихымыз бізге бейуаз халыққа қол ұшын беруімізді, мүмкіндіктерімізді олармен бөлісуімізді үйретті. Түркияның адам құқықтары мәселесіне ұстанған тұрығы осы» деген сөздер қолданды. Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сияқты жаһандық қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауға жауапты құрылымдардың жеткіліксіздігі мен адам құқығы бұзушылығының осыншама тарауының ең маңызды себептерінен екеніне назар аударылды.

Хүрриет газеті «Отандық тұқым шаруашылығы оңтайлы дамуда» атты тақырып қолданған. Газет Түркия Ауыл шаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирлинің ресми сапармен Әзірбайжанның астанасы Бакуге барғанын жазды. Пакдемир бұл жерде жасаған мәлімдемесінде  Түркияның ауыл шаруашылық секторы саласында Еуропада бірінші, әлемде 7-ші ел екенін еске салды. Министр Пакдемирли «Ауылшаруашылығы болмаған ел асүйі болмаған үйге ұқсайды» деді. Пакдемирлі Түркияның отандық тұқым шаруашылығының оңтайлы дамығанын атап өтті.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркия экономикасы осы жылдың үшінші ширегінде 1,6 пайыз өсті» деген тақырыбымен берген. Газет Түркия экономикасының 2018 жылының үшінші ширегінде 1,6 пайыз өскенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда өсу санақтары бойынша Түркияның экономикасы  осы жылдың алғашқы ширегінде 7,3 пайыз, екінші ширегінде 5,2 пайыз өсті. Түркия статика мекемесі осы жылдың үшінші ширегіне (шілде-тамыз) байланысты таза ұлттық кірісі қорытындысын жариялады. Осы қорытынды  бойынша таза ұлттық кіріс болжамы таза ұлттық кіріс көлем индексі ретінде осы жылдың үшінші ширегінде  өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 1,6  пайыз артты.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдарының қараша айындағы жолаушы саны артты» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдарының жолаушы саны %81,4 пайызға жетті.

Стар газеті «Жарық жұлдыз ағынын  Түркиядан көре аласыз» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда жұлдызды аспанды Сириус, Орион мен Торпақ қысқы түнді одан әрі көріктендіре түседі. Желтоқсанның ортасында метеориттердің ағуы көп болады. Тұрғындар жұлдыздың ағуын желтоқсанның 13-нен 14-не қараған түні тамашалай алады. Алдағы түндер Геминид метеориттерді көре алады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар