Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1101511
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Ұлттық соғыс ұшағы жел тестінен өтті» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Еуропада алдыңғы қатарда орын алған 5-ші ұрпақ соғыс ұшағы жобасы болған ұлттық соғыс ұшағы TF-X жер тестінен өтті. Ұшақты тезірек тапсырып бергісі келген Түркия конфигурацияның соңғы түрін беруде.

Йени Шафак газеті «Түркия азаматтық авиацияда тарих жазды» атты тақырып қолданған. Газет мөлшермен 2 мың әуежайы мүше болған Еуропа әуежайы кеңесінің (ACI)  2008-2018 жылдары маусымын қамтыған рапорты жарияланғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда мемлекеттік деңгейде Түркия соңғы 10 жылда тікелей байланыс түйіндері санын 191-ға жеткізді.  Түркия жанамалай байланыс түйіндерін 130 пайыз, әуежайы байланыстарын 157 пайыз және нетворк байланыстарын 534 пайыз арттырып, Еуропада ұшу түйіндерін ең көп үлкейткен ел болды.

Стар газеті хабарын «Түркияның ең үлкен әскери кемесі TCG Анадолының тапсырып берілуі бір жыл алға алынды» деген тақырыбымен берген. Газет осы таңға дейін Түркия теңіз күштері үшін өндірілуі жалғасқан, сондай-ақ ең үлкен кеме болған «TCG Анадолы» атты кемесінің жасалуының тездетілгенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда бұл жоба Түркияның өзі жүргізген ең үлкен қорғаныс жобасы және жаһандық күш болуы арманының ең үлкен үлгісі болып табылады.  Бір жыл алға алынған «TCG Анадолы» кемесі 2020 жылының соңғы ширегінде Теңіз күштеріне тапсырып беріледі.

Стар газеті «2018 жылы Измирге ең көп неміс туристі келді» атты хабарға орын берген. Газет қазан айында Түркияға келген шетелдік турист санының өткен жылғы бірдей кезеңмен салыстырғанда 25.5 пайыздық артумен, 3.8 миллион турист келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияға келген неміс туристтердің басым көпшілігі Измирді таңдады. Измир қазан айына дейін Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия сынды елдерден келген 966 мыңнан астам шетелдік туристі күтіп алды. Түркияға келген шетелдік туристтердің елдерге шаққандағы орындары ретімен 604 мың 73 адаммен Ресей бірінші орынды иеледі. Одан кейін 589 мың 626 адаммен Германия екінші, 264 мың 17 адаммен Ұлыбритания үшінші орынды алды.

Ватан газеті «Ұлыбританияның үлкен клубын бір түрік сатып алғысы келеді» деген тақырып қолданған. Газет Ұлыбританияның Премьер-Лигасының әйгілі клубы Ньюкасл Юнайтедті бір түріктің сатып алғысы келгенін жариялаған.  

 



Ұқсас жаңалықтар