Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1092805
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түрік ағыны орыс баспасөзінде орын алды» деген хабарға орын берген. Газет өткен апта Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Стамбул Конгресс орталығында рәсім ұйымдастырылғанын, сондай-ақ одан кейін Түрік ағынының орыс баспасөзінде орын алғанын хабарлаған.  Газеттің хабарына қарағанда «Известия» газеті хабарды «Түркия Ресей газы үшін орталыққа айланды» деген тақырыбымен беріп, Түрік ағыны жобасының Аккуйы атомдық станса сынды Түркия мен Ресей арасындағы ортақтықтың символына айналғанын жазған. «Ведомости» газеті жобаны орыс энергия фирмасы Газпром тарапынан Еуропа нарықтарына бағытталған ең үлкен екі жобаның біреуі екенін мәлімдеп, «Жобаның салынуы екі ел арасында болған ұшақ дағдарысы кездің өзінде де тоқталмады» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Жергілікті рак дәрілері аяқталуға аз қалды» атты  тақырып қолданған. Газет Түрік ғылым және технология реттеу қоғамы TÜBİTAK-тың рак ауруын емдеу үшін жасалып жатқан дәрінің аяқталуға аз қалғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Өнеркәсіп министрі Мұстафа Варанк «Рак дәрісі 2019 жылының мамыр айында бітеді» деді.

Хүрриет газеті хабарын «Кыркларелінің сүт және сүт өнімдері 16 елге экспорт етілуде» деген тақырыбымен берген. Газет Тракаяның маңызды егін және мал  шаруашылық орталықтарының бірі Кыркларелінің мемлекет экономикасына экспорт еткен сүт өнімдерімен де үлес қосқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Кыркларелінің губернаторы Осман Билгин «Қаламыздан осы жылдың 9 айында  20 миллион долларлық сүт және сүт өнімі экспорт етілді. Еуропа деңгейіндегі сүт және сүт өнімдерімізді 16 елге экспорт етудеміз» деді. Еуропа Одағы мүшесі елдерге 2013 жылы басталған сүт экспортының алдымен Грекияға жасалғанын еске салған Билген өте сапалы Кыркларелі сүтінің Америка құрлығынан Азия құрлығына дейінгі көптеген елге жіберілгенін білдірді.

Сабах газеті «Лефке безіне орыс фирмалары қызығушылық көрсетті» атты тақырып қолданған. Газет Билежиктің Османели ауданында 1900 жылдарынан бастап тоқылған, алайда 1980 жылдары бұрынғы «Лефке безі» деген атымен қайтадан ашылған тоқыма фабрикасының өнімдеріне  орыс фирмаларының да қызығушылық көрсеткенін мәлімдеген.

Хабар Түрік газеті «Чанаккаледе табылды» деген хабарға орын берген. Газет Чанаккале Онсегіз Март  Университетінің археология жұмыс тобының үш жыл бойы жалғастырған зерттеудің нәтижесінде 2 мың  700 жылдық Лимнай ежелгі қаласының табылғанын жариялаған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар