Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1092064
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Кандил және Метинада террор ұйымына қатты соққы жасалды» деген хабарға орын берген. Газет Түрік қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Кандил және Метина аймақтарына 2018 жылы 20 қараша күні ұйымдастырылған әуе операцияларында 5 террористтің залалсыздандырылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік қарулы күштері тарапынан жасалған мәлімдемеде операцияларда бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі бірқатар қару бекіністері, баспана және оқ-дәрі қоймалары жойылды.

Йени Шафак газеті «Акар мен Шойгу кездесті» атты тақырып қолданған. Газет Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фиданның Ресейге барғанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Акар мен Фидан Ресей астанасы Мәскеуде Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу және басқа лауазым иелерімен кездесті. Акар мен Шойгу кездесу барысында екі ел арасындағы қорғаныс ынтымақтастық, аймақтық оқиғалар, Идлибтегі  қақтығыссыз аймағындағы соңғы жағдайы қолға алынды.

Сабах газеті хабарын «Министр Берат Албайрак 22-ші Халықаралық Бизнес Форумында маңызды мәлімдеме жасады» деген тақырыбымен берген.  Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың  22-ші Халықаралық Бизнес Форумында баяндама жасағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак баяндамасында «Қазан айында бюджет кемшілігінің көп болатынын айттық.Тамыз және қыркүйек айы жақсарды. Қазан айында тіпті жақсы болды» деді. Албайрак Түркияның ең сенімді ел екенін де атап өтті.

Стар газеті «Отандық жойғыш қаруға шетелден сұраныс келе бастады» атты хабарға орын берген. Газет Анталиядағы бір түрік фирмасының түрік инженерлері тарапынан дизайн етілген, сондай-ақ Түрік қарулы күштері үшін өндірілген «drone savar» атты жойғыш қаруға шетелден сұраныстар келе бастағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық соғыс технологиялары қорғаныс жүйелері фирмасының басқару алқасы төрағасы Уәли Ерчелик 2019 жылынан бастап, Украина, Венесуэла және Албанияға экспорт жасай бастағанын айтты.

Хүрриет газеті «Халықаралық Emmy жүлделерінде түрік сериалдары самалы» деген тақырып қолданған. Газет Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында ұйымдастырылған Халықаралық Emmy жүлделері рәсімінде қызыл кілемде түрік кинорежисерлері мен актерлерінің қатты қошеметке ие болғанын мәлімдеген.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар