Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1079372
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған тарихи жобаның атын жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Технология жетілдіру инфрақұрылымы ашылу рәсімі президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен жүзеге асты. Президент Ердоған рәсімде маңызды мәлімдемелер жасады. Президент Ердоған «SIPER деп аталған отандық ұзақ атымды аймақтық әуе зымыран қорғаныс жүйесінің құт әкелуін тілеймін. Алғашқы тапсырыстардың 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланады» деді.

Йени шафак газеті «Евфраттың шығысына 2-ші бомбалауда 4 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы күштері жасақтары Шанлыурфа шекара желісінен Сирияның Айн әл-Араб аймағына жасалған гаубица атқылауында террор ұйымы PYD/PKK мүшесі 4 террорист залалсыздандырылды, 6 террорист ұсталды. Гаубица атқылаулары арқылы шекараның арғы жағында анықталған террорист бекіністерге бағытталған және сол аймақтан жасалған шабуылдарға қарсы заңды қорғаныс ережелері іске қосылып, қарсы шабуылмен тойтарылды.

Сабах газеті «Сыртқы сауда көрсеткіштері жарияланды» атты хабар жарияланған. Хабарға қарағанда Түркияның экспорты қыркүйек айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайыз артып, 14 миллиард 456 миллион долларға ұласты. Осы кезеңде сыртқы сауда жетіспеушілігі 77,1 пайыз азайып, 1 миллиард 869 миллион долларға шегерілді. Түркия Статистикалық мекемесі мен Сауда министрлігі тарапынан дайындалған қыркүйек айы мен қаңтар-қыркүйек кезеңін қамтыған уақытша сыртқы сауда статистикалары жарияланды.

Хабертүрік газеті «Тарихи сапар жүзеге асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайында Түрік әуе жолдарының (ТӘЖ) алғашқы жолаушы тасымалдауы Стамбул-Анкара рейсімен басталды. Кеше 11.33-те басталған алғашқы сапар сағат 12.19-да аяқталды. TK2124 нөмірлі ұшақ сағат 12:19-да Анкара Эсенбоға әуежайына қонды. Boeing 777 ұшағымен жүзеге асқан алғашқы ұшу сапары үшін ұшу рұқсатын Қатынас және инфрақұрылым министрі Джахит Туран берді. Алғашқы сапарда 349 жолаушы ұшты. ТӘЖ Бас директоры Билал Экши жасаған мәлімдемеге қарағанда 2019 жылы 1 қаңтар күнінен бастап, Стамбул әуежайынан толық күшпен қызмет беріледі.

Стар газеті «Катар Түркиядан шабуыл қайығы сатып алуға дайындалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Басра Шығанағында радар түспейтін шағын және жылдам қайықтар қолданған контрабандаларға қарсы шара қабылдағысы келген Катар Түркиядан шабуыл қайығы сатып алуға дайындалады. Анталияда жұмыс істейтін ARES кеме өңдеу зауытымен байланыс құрған Катар Ішкі істер министрлігі сағатына 65 теңіз милі жылдамдығына дейін ұласатын 6 дана «ARES 65 HARPOON» арнайы жасақтар шабуыл қайығын сатып алғысы келгенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар