Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1073759
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «T129 ATAK" тікұшағы Мароккода танытылады» деген хабарға орын берген. Газет Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі А.Қ. (ТУСАШ)-тың 24-27 қазан күндері Мароккода өткізілетін «Маракеш Airshow» көрмесіне қатысатынын жазған. Газеттің хабарына қарағанда ТУСАШ жасаған мәлімдемеге қарағанда аталмыш іс-шарада «T129 ATAK» соғыс және тактикалық барлау тікұшағы танытылады. ATAK тікұшақтары үшін аймақта белсенді жұмыс жүргізген ТУСАШ 2017 жылдан бері келіссөздер жалғасқан Марокко нарығына кіруге дайындалады.

Ватан газеті «Түрік әуе жолдары 3-ші әуежайының ұшақ билеттері сатыла бастады» атты тақырып қолданған. Газет Стамбул Жаңа әуежайын Түрік әуе жолдарының интернет сайтындағы ұшу түйіндері іштеріне қосқанын және ұшақ билеттерінің сатыла бастағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Жаңа әуежайы жүйесі «ISL» кодымен орын алса, алғашқы рейстері 1 қарашада басталады.

Йени Шафак газеті хабарын «Жапон тағамы Сушисіне түрік оркиносы қосылды» деген тақырыбымен берген. Газет жапон тағамы Сушиде қолдану үшін Эгей және Жерорта теңіз жағажайында өскен оркиностардың экспорт етілгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда  Эгей және Жерорта теңіз жағажайында өскен оркиностардың экспортынан осы жылдың 9 айында 56,6 миллион долларлық кіріс түсірілді. Ең үлкен нарық болған Жапонияға жасалған экспорт осы жылдың 9 айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 18 пайыз артып, 56 миллион 587 мың долларға көтерілді.  Экспорт етілген оркиностың көлемі де 5 пайыз артумен 6 мың 726 тоннаға ұласты.

Хүрриет газеті «Бурса сияхы деп аталған Бурсаның қара інжірі 42 ел ұнатуда» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Ұлыбритания корольдық әулетінің мейрамханасында орын алған, әсіресе Еуропа, Қиыр Шығыс елдерінде көп қолданылған «Бурса смяхы» биыл 42 елге экспорт етілді. Інжір сабақтары жасыл, сүтті - шырынды ағашта өседі. Аталық ағашын капфирикус, ал аналығын фиг деп атайды. Ылғалды жерде өсіп, жаздың ыстығына төзімді, топырақ талғамайды, бірақ қара шірігі мол саздақ топырақта жақсы өседі. Інжір мен зәйтүн тағамдық және фармацевтикалық құндылыққа ие болғандықтан, адам денсаулығында ерекше рөл атқарады. Інжір қақырық себебінен болатын құрғақтықты кетіріп, әсіресе тамақта толық шықпай қалған қақырықты түсіреді, тамақ, кеуде, суық тию, тұмау ауруларына өте пайдалы. Жөтелі күшейген адам үшін таптырмас ем.

Стар газеті «Адамдардың мимикалары отандық жүйе арқылы анализ етіледі» деген хабарға орын берген. Газет Малатия Технопаркта жасанды зияткерлік тақырыбында жұмыс істеген бір фирманың адамдардың сезімдерін жүзіндегі мимикаларынан дереу анализ ете алатын жүйе дамытқанын жазған.

 



Ұқсас жаңалықтар