Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1070248
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Манбиджте күнтізбе орындалмады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында сөз сөйледі.  Ердоған осында Америка Құрама Штаттарын Сирияның Манбидж аймағына қоныстандырған террорлық ұйым PKK-ның жалғасы PYD/YPG террористтерін шығару жөнінде берген уәдесін орындауға шақырды. Түркия мен АҚШ арасында 4 маусым күні келісілген хаттаманы еске салған Ердоған «Манбиджте 90 күндік күнтізбе бар еді.  Күнтізбе жоспары орындалмады.  Евфраттың шығысы үшін де солай.  Біз өз ісімізді өзіміз істейміз. Жоғары деңгейде қадам басамыз.  Осылардың барлығы тек еліміздің тыныштығы үшін ғана емес,  сол аймақта өмір сүретін халықтың тыныштығы үшін де» деді.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Манбидж тақырыбында Америка Құрама Штаттарына нақты жауап берді.  АҚШ-тың қолдауымен Сирияның Манбидж аймағына орналасқан террорлық ұйымның аймақтан шығарылуы үшін АҚШ-пен келісілгенін айтқан министр: «Манбидж тақырыбында АҚШ-тан жалтару сезетін болсақ,  бұрынғы сызыққа қайтамыз. АҚШ-қа «Я сендер тазалаңдар,  яки біз тазалаймыз» деп айтамыз» деді.

Хабер Түрік газеті экономикалық деректерге орын берген.  Түркия Статистика Мекемесі 2018 жылдың тамыз айының Өнеркәсіп өндіріс индексін жариялады.  Өнеркәсіп өндірісі алдынғы жылдың сол айымен салыстырғанда 1,7 пайыз артты.  2018 жылдың тамыз айында кен және тас кендері саласы индексі алдынғы жылдың сол айымен салыстырғанда 6,1 пайыз,  өндіріс өнеркәсібі 2,1 пайыз және электр, газ, бу және климаттандыру саласы өндірісі мен таралымы индексі 2,9 пайыз артты.

Ватан газеті «Түркияның мақтанышы» деген хабар жариялаған.  Түрік қорғаныс өнеркәсібінің бір ретте ең ірі экспорт жобаларының бірі- Пәкістан теңізде жағармай құятын кеме Пәкістанның Теңіз күштеріне тапсырылды. Ең төмен жылдамдығы 20 теңіз милі болатын кеменің ұзындығы 158 метр,  ені 22 метр, салмағы болса 15600 тонна. Кеме айырықша күндіз-түні тікұшақ операциясын орындай алатын қабілетте. Пәкістан Теңіз күштері кемеге "PNS MOAWIN" деп есім қойды.

Стар газеті «Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санжарға Өзбекстаннан құрметті доктор атағы» деген хабар жариялаған. Проф. Др. Азиз Санжарға Өзбекстан Ұлттық Университеті құрметті докторлық атағын берді.  Нобель сыйлығының лауреаты Санжар Өзбекстан Ұлттық Университетінде өзі үшін ұйымдастырылған «Азиз Санжар: Білімнің шексіздігінде бір өмір» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияда сөз сөйлеген Санжар: «Білімсіз абыройымыз болмайды.  Мүны Түрік әлемі бірігіп тындыра алады.  Бірігіп жұмыс істеу өте маңызды. Тіліміз, дініміз және тамырымыз бірдей.  Біз бірге жұмыс істесек,  үлкен істер тындырамыз. Білімде үлкен күш қалыптастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар