Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1061202
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан маңызды мәлімдемелер» атты хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Идлибте әкімшілік пен оппозиция арасындағы сенімді аймақ шешімі арқасында үлкен қырғын және Түркияға қарсы көш толқынына кедергі жасалғанын айтты.  Ердоған партиясының мәжілістегі жиналысында сөйлеген сөзінде «Евфраттың шығысында терроризм басқыншылығын тоқтатуға табандымыз» деді.

Йени Шафак газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швейцарияда ұйымдастырылған Батыс Балқан стратегиялық диолог лидерлер жиналысынан кейін мәлімдемелер жасады.  Чавушоғлу «Енді Манбиджтен террористтердің толығымен шығарылуы және Манбиджтің өз тұрғындарына берілуінің әкімшілік тұрғысынан да,  қауіпсіздік тұрғысынан да уақыты келді» деді. Министр Чавушоғлу келісімнің Америка Құрама Штаттарымен толықтай орындалуы керектігін атап көрсетіп: «Олардан туындаған кешігу болды,  бірақ нашар жүріп жатыр деп айтуға болмайды» деді.

Хүрриет газеті Түркия мен Ресей арасындағы қатынасқа орын берген. Түркия Ресейден бірінші рет орыс рублімен бидай сатып алады. СовЭкон аналитикалық орталығының хабарламасына қарағанда, Түркия Ресейден рубльмен 30 мың тонна бидай алады.  Бидай үшін тонна басына шамамен 17 мың рубль төленетіні айтылды.

Ватан газеті «Түрік қорғаны аяқталып қалды» деген хабарға орын берген.  Иран мен Түркия шекарасында құрылысы жалғасып жатқан 144 километрлік қабырғаның 88 километрі аяқталды.  Әлемнің ұзындығы жағынан үшінші қабырғасы болатын «Түрік қорғанының» биіктігі кей жерлерде үш метрге жетеді.  Аймақтағы жұмыстар аяқталған соң Түркия мен Иран шекарасында террористтер мен заңсыз көш тоқтайды. Шекара желісіне сонымен бірге бақылау мұнаралары,  камера жүйелері,  әскери бақылау үшін қауіпсіздік жолы да салынады.

Стар газеті мәдениет саласынан бір хабар жариялаған.  Президенттік симфония оркестрі 4-5 қазан күндері «Троядан Чанаккалеге» атты әлемдік премьерасымен жаңа маусымды ашады. Президенттік Симфония оркестірінің хабарламасына қарағанда,  әлемде бірінші рет орындалатын Хасан Учарсудың «Троядан Чанаккалеге» атты туындысы Анкарада өнер сүйер қауыммен қауышады. Трояның ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұра тізіміне енуінің 20 жылдығында 2018 жылдың Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан Троя жылы ретінде жариялануына байланысты туындының сөздері түріктің атақты ақыны Мехмет Акиф Ерсойдың «Чанаккаленің шейіттеріне» өлеңі негізінде жазылды.



Ұқсас жаңалықтар