Түрік баспасөзіне шолу

Ьүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1055347
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Министрлік жариялады: жұмыстар аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Парагвайдың бас қаласы Асунсьонда өкілетті елшілік ашуға бағытталған құқықтық жұмыстарды аяқтады және Армаған Инжи Эрсойды осы елге тұңғыш өкілетті елші ретінде тағайындады. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Бұл аяда құрметті министр 73-ші БҰҰ Бас ассамблеясында Парагвай Сыртқы істер министрі Луис Альберто Кастильонимен Нью-Йоркте бас қосты. Кездесуде Түркия мен Парагвай арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуі тақырыбында екі жақты саяси ұстаным ортаға қойылды» делінді.

Сабах газеті «Хүркушты табыс ету үшін санаулы күн қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әуе күштері қолбасшылығының оқу-жаттығу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қараша айдың ішінде Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі тарапынан жетілдірілген алғашқы Хүркуштар табыс етіледі. Барлығы 15 ұшақ болған тапсырыстың толығымен 2019 жылдың жартысында өткізілуі жоспарлануда.

Стар газеті «Үлкен жүлдені түрік инженері жеңіп алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлері тарапынан жетілдірілген Ford Trucks-тың жаңа құтқарушы жүк көлігі «F-MAX, 2018» Ганновер халықаралық сауда көліктері көрмесінде (IAA) көрменің ең үлкен сыйлығы ретінде ‘Халықаралық жылдың үздік жүк көлігі’ жүлдесіне лайық деп аталды. «Ford Otosan» фирмасының атқару кеңесі төрағасы Коч Холдинг Атқару Кеңесі төраға орынбасары Али Й. Коч «F-MAX-пен экспортта жаңа жолдар ашып, экспортта ел экономикасына одан көп үлес қосамыз» деді.

Ватан газеті «Туризм саласында жаңа ізденістер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия туризмінде жаңа орындар ізденісі Жаңа экономикалық бағдарлама пакетіне қосылды. Осыған қарағанда Қытай, Үндістан және Жапониядан бастап, Таяу Шығыс елдері үшін жаңа жобалар жетілдірілмек. Осы нысана нарықтарда Түркияның көрінісін одан да күшейтеді. Түркия саяхат агенттіктері одағы (TÜRSAB) Атқару кеңесі төрағасы Фируз Бағлыкая бағдарламамен туризмшілерге жаңа бір міндет жүктелгенін және осыған бар күштерімен атсалысатындарын атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Үш жаңа тыныш қала келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Муғланың Көйджегиз, Битлистің Ахлат және Эрзинджанның Кемалийе аудандары «Тыныш Қала» аталады. Cittaslow (Тыныш Қала) координациялық кеңесі Италияда жиналды. Cittaslow басшысының орынбасары Cittaslow Түркия координаторы және Сеферихисар муниципалитеті Тунч Сойер Cittaslow-тың Түркия желісіне қосылу үшін ұсыныс жасаймыз. Көйджегиз, Ахлат және Кемалийенің үміткерлік папкаларын кеңеске ұсынғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар