Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайында аймақ пен әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

1050771
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркияда раллиден әлем чемпионаты өтті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда раллиден 2018 Әлем чемпионатының 10 кезең жарысы ретінде Түркия раллиі Мармарис пен айналасында болып өтті. 8 жыл үзілістің артынан Түркияға қайта оралған организацияға 22 елден 68 автокөлік пен 136 жүргізуші қатысты. Ақтық жарысында жеңімпаздардың кубогын президент Реджеп Тайып Ердоған табыс етті.

Ватан газеті «Түрік туризм саласы жаңа рекордтар жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия биыл туризм тұрғысынан ең табысты кезеңін бастан кешуде. Биыл әуе жолымен келген турист саны 10 миллион 47 мың 672 адамға ұласты. Турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 25 пайыз, 2016 жылмен салыстырғанда 110 пайыз, жалпы кезеңдердің ең мықты жылы ретінде қабылданған 2014 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда болса 621 мың өсіп, рекорд жаңартты. Биыл Түркияның туризм табысының 35 миллиард доллардан, турист санының да 35 миллионнан асуы күтіледі.

Стар газеті «Жерорта теңізіндегі түрік флоты күші мен қабілетін бүкіл әлемге танытты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Теңіз күштері қолбасшылығының таңдаулы жасақтары, отандық логистика кемесі TCG Акарға тікұшақпен қону жаттығуы жасады. Әлемнің белгілі соғыс кемелері де қатысқан Жерорта теңізіндегі жаттығу арқылы Теңіз күштері қолбасшылығының отаннан алыс теңіз айдынында тактикалық қозғалу мүмкіншіліктері мен қабілетін бүкіл әлемге танытты.

Хабер түрік газеті «Жерар Депардье: Түрік азаматтығын аламын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2013 жылы Ресей азаматтығын алған атақты француз актерЖерар Депардье қазан айында Түркияға келетінін жариялады. Белгілі актер президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданатынын және түрік азаматтығын алғысы келгенін атап көрсетті. Депардье алдында Ресей мен Алжир азаматтығы алған болатын.

Хүррийет газеті «Дайын киім экспортшылары Парижге барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік дайын киім саласы әлемнің ең беделді текстиль және дайын киім көрмесі болып қабылданған «Premiere Vision (PV) Manufacturing Paris» көрмесіне 29 фирмамен қатысуға дайындалады. 2018 жылдың алғашқы 8 айында 611 миллион доллар экспорт жасаған түрік дайын киім саласы 2018 жылы соңында 1 миллиард долларлық рекордты жаңартуды нысанаға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар