Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1047869
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Идлибке шабуыл саяси үрдіске зиян келтіреді» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Президенттік сарайда министрлер кабинеті жиналысынан кейін әлемді Идлибке бағытталған болуы мүмкін шабуылды тоқтатуға шақырды. Бір саяси шешімге келісу керектігін атап көрсетті. Калын: «Идлибке шабуыл саяси үрдістерге зиян келтіреді,  сенімді жояды.  Еуропаға әсер ететін көш толқынына себеп болады. Батыс елдерін,  Америка Құрама Штаттарын, өңір елдерін болуы мүмкін бомбалауды тоқтатуға шақырамыз» деді.

Хабертүрік газеті сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Румынияда өткен Түркия-Румыния-Польша Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін болған ортақ баспасөз мәслихатында ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сириядағы жағдайдың баршаға қатысты екеніне назар аударды.  Ол осы тақырыпта бірдей көзқарастағы елдермен жұмыстанғандарын айтты. Идлиб аймағына Асад күштерінің және Ресейдің шабуылының жалғасқанын білдірген Чавушоғлу: «Ұсынысымыз ашық. Идлибте шабуыл тоқтасын.  Террорлық ұйымдарды жою үшін бірге жұмыстанайық» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ-қа наразылық» деген хабар жариялаған.  ТР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой «Вашингтон Палестина Азаттық ұйымы өкілдігінің жабылуы шешімі Америка Құрама Штаттарының Таяу Шығыс бейбітшілік үрдісінде бейтараптығынан айрылып қалғанын көрсетеді» деді.  Аксой Түркияның Палестина халқының жанында болатынын атап көрсетті.

Ватан газеті «Сирия шекарасына түрік байрағы» деген хабарға орын берген.  Сириямен шекарадағы Шанлыурфа қаласының Жейланпынар ауданында бір төбеге 150 шаршы метрлік түрік байрағы тігілді.  Жейланпынар муниципалитеті шекараға түрік байрағын тігуге байланысты Өзбек ауылында рәсім ұйымдастырды.  Рәсімге Жейланпынар муниципалитеті төрағасы Мендерес Атилла, Әділет және даму партиясының аудандық бөлімше басшысы Халид Шимшек пен муниципалитет мәжілісі мүшелері қатысты.

Сабах газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір хабар жариялаған. Түркияның тұңғыш оригинал жобасы нәтижесінде дайындалған тікұшағы T625 түрік қорғаныс және авиация өнеркәсібінің жетістігін паш етті.  Мотор жетілдіру жобасында осы жүйенің жүрегін қалыптастыратын мотордың прототип өндірісі аяқталды және сынақ табыспен жүзеге асырылды.



Ұқсас жаңалықтар