Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1047110
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігінен Грекияға наразылық» деген хабарға орын берген. Газет Түркияның Грекиядан Батыс Фракия түріктері сайлаған муфтийін танымаған тұғырын аяқтатуын талап еткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой «Батыс Фракия түріктерінің мазасыз болғанын білеміз. Батыс Фракия түріктері сайлаған муфтийін Грекия үкіметі танымады. Бұл тұғырдың аяқтатуын күтудеміз» деді.

Хүрриет газеті «Екінші ширек үлкею санақтары жарияланды» атты тақырып қолданған. Газет Түрік экономикасының осы жылдың екінші ширегінде 5,2 пайыз өскенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесі осы жылдың екінші ширегіне (сәуір-маусым) байланысты таза ұлттық кіріс қорытындысын жариялады. Осы қорытынды бойынша Таза ұлттық кіріс көлем индексі ретінде осы жылдың екінші ширегінде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 5,2 пайыз артты. Өндіріс әдістемесі бойынша таза ұлттық кіріс болжамы осы жылдың екінші үш айлық кезеңінде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 20,4 пайыз артып, 884 миллиард 4 миллион 260 лира ретінде жүзеге асты.

Хабар Түрік газеті хабарын «Министр Албайрак экономикалық өсуге тоқталды» деген тақырыбымен берген. Газет Қазына және қаржы министрі Берат Албайрактың екінші ширек өсу санақтарына байланысты мәлімдеме жасағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда министр Албайрак екінші ширек өсу санақтарының экономикада қалыпқа түсу процесінің басталуының көрсеткіштері екенін айтты.

Йени Шафак газеті «Құрғақ жүзім экспортында соңғы 9 жылдың рекорды жаңартылды» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның құрғақ жүзін секторында 2017-2018 маусымында 279 мың 343 тонналық экспорт жасап, 452 миллион 498 мың долларлық кіріс түсіргенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның құрғақ жүзін экспорты 8 пайыз артты.

Стар газеті «Калехөйүкте 800 жылдық Ахи ошақтары(Іскерлер мен шеберлер бірлестігінің ошақтары) табылды» деген тақырып қолданған. Газет Кыршехирдің 5 жылдық тарихын зерттеген Калехөйүк қазбаларында 800 жылдық Селжуклу және Османлы дәуірінде қолданылған Ахи ошақтарының табылғанын жазған.

 

 


Этикеттер: #Грекия , #экономика

Ұқсас жаңалықтар