Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1043452
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Қырғын болады» деген хабарға орын берген.  Қырғызстан сапарынан оралып келе жатып, ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берген президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб аймағына жасалатын операция жөнінде «Идлибке зымыран жауатын болса,  онда үлкен қырғын болады» деп ескертті.  «Идлибте аяусыз процес жүруде.  Ол жерде 3,5 миллион адам бар.  Қырғын болса,  олардың бірінші болып қашатын жері – Түркия» деді ол.

Йени Шафак газеті «Түрік әскері террористтерге үлкен соққы енгізді» деген хабар жариялаған.  Ирак шекарасында Икияка тауларында түрік әскері террористтерге қарсы бағытталған операцияларын жалғастыруда. Түрік әскерлері үш аптада 16 террористті залалсыздандырды.  Олар бөлшектеуші террор ұйымының өңірдегі құрылымына үлкен соққы енгізді.

Стар газеті «Грекияның екі әскері Түркия жеріне заңсыз өткендерін мойындады» деген тақырып қолданған.  Грекия баспасөзіне жеткен мәліметтерге қарағанда,  Түркияның Едирне қаласында 5 жарым ай бұрын ұсталған Грекияның екі әскері тергеуге алынды.  Екі әскер де Түркия жеріне заңсыз өткендерін қабылдады.

Сабах газеті «АСЕЛСАН Кипрға база құрады» деген хабар жариялаған. Түрік Қорғаныс өнеркәсібінің лидер кәсіпорыны АСЕЛСАН Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Зерттеу және сынақ орталығын құрады. 1974 жылғы Кипр Бейбітшілік қозғалысында Түркияға жүргізілген эмбарго нәтижесінде отандық қару өндірісін жетілдіру мақсатында құрылған АСЕЛСАН осылайша Кипрға адалдық қарызын да өтейді.  

Ватан газеті туризм тақырыбына орын берген.  Денизлинің аппақ жұмағы Памуккаледе біздің дәуірімізден кейінгі 60 жылы болған жер сілкінісінде қалыптасқан және Мысыр патшайымы Клеопатра да шомылған деп айтылатын Клеопатра бассейні туристердің қызығушылығын арттырды. Тарихи жәдігерлердің арасында жүзетін туристер бассейн суында тамаша уақыт өткізуде.



Ұқсас жаңалықтар