Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1032709
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Газет «АҚШ-тың электроникалық өнімдеріне бойкот жариялаймыз» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Америка Құрама Штаттарының электроникалық өнімдеріне бойкот жарияланатынын білдірді.  Ердоған Саясат, Экономика және қоғамдық зерттеулер фондының Анкарада болған «Биліктің 16 жылдығында Әділет және даму партиясының семпозиумында» сөз сөйледі. Президент АҚШ-тың санкция шешіміне тоқталып,  барлық шараны қолданатындарын айтты.

Хабер Түрік газеті «Бинали Йылдырым: «Түркия осы дағдарыстан табыспен шығады» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Түркиядағы өкілетті және төтенше елшілермен бас қосқан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Бинали Йылдырым «Түркия саяси есептермен жасалған экономикалық қысымдарға қарсы.  Түркия осы дағдарыстан табыспен шығады. Валюта бағамындағы толқындар Түркияның экономикалық көрсеткіштерімен түсіндіретіндей емес.  Бұл оқиғалардың негізі экономикалық емес,  саяси» деді.

Ватан газеті «Министр Албайрак инвесторлармен кездеседі» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак ертең шетелдік инвесторлармен телеконференция жүргізеді.  Албайрак соңғы экономикалық ахуалға байланысты жаһандық инвесторларға тікелей мәлімет береді. Телеконференцияға  Америка Құрама Штаттары,  Еуропа және Таяу Шығыстағы инвесторлар секілді әлем көлемінен 750-1000 адам қатысуы жоспарлануда.

Сабах газеті Түрік Әуе жолдарының хабарына орын берген. Түрік авиакомпаниясы Америка Құрама Штаттарының компанияларына жарнама бермейді.  Түркияның ірі компаниялары Америка Құрама Штаттарына бағытталған жарнама эмбаргосы акциясына қолдау беруде.  Түрік Телекомнан кейін Түрік Әуе жолдары (THY) да бір хабарлама жариялады. Түрік авиакомпаниясы АҚШ фирмаларына жарнама бермейтін болды.  Авиакомпанияның баспасөз хатшысы Яхия Үстүн әлеуметтік желі арқылы «THY ретінде мемлекетіміздің және ұлтымыздың жанындамыз.  Тақырыпқа байланысты нұсқаулар агенттіктерге берілді» деп жазды.

Стар газеті «Ванда урартулардың іздері табылды» деген хабар жариялаған.  Тарихи Ван қамалы маңында Стамбул Университеті Ван аймағы тарих және археологиялық зерттеу орталығы директоры Доц. Др. Еркан Коняр басшылығындағы қазба жұмыстары жалғасуда. Қазба жұмыстарында Урарту іздері табылды.  Коняр ұзындығы 26 см аяқ ізінің зерттеліп жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар