Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1025107
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Трампқа қарсы ауызбіршілік көрсетілді» деген хабарға орын берген. Газет Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың 2 түрік министрге бағытталған жанжал санкция шешіміне қарсы Түркияның ауызбіршілік көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияда саясаттан сотқа, іскер әлемінен азаматтық ұйымдарына дейін баршасы ауызбіршілік көрсетті.

Сабах газеті «Брунсонның FETÖ және PKK-мен тығыз байланысы бар» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда террор ұйымдары Фетуллахшы террор ұйымы мен PKK атынан 2016 жылы 9 желтоқсан күні қылмыс жасағаны алға тартылып тұтқындалған АҚШ-тық дін қызметкері Брунсон жайлы айыптау актінде дін қызметкері көрінісімен аталмыш террор ұйымдары атынан қылмыс жасағаны және жалпы стратегиялары аясында бірге қозғалғандары, ұйымның мақсаттарын біле отырып өз қалауымен ынтымақтастық жасағаны атап көрсетілген болатын.

Ватан газеті хабарын «Дамытылған қауіпсіздік жүйесі дұшпандарға тойтарыс береді» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN жобалап өндірген қауіпсіздік жүйесі дұшпандардың қауіп-қатеріне тойтарыс бере алады.

Стар газеті «Аяш ежелгі театры екі мың жылдан кейін жұмысқа қосылды» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Мерсиннің Ердемлі ауданында орын алған және Рим дәуірінен қалған 2 мың жылдық Аяш ежелгі қаласы қақпасын  3-8 тамыз күндері аралығында «Аяш ежелгі театр фестивалы» үшін ашады. Екі мың жылдан кейін қақпасын ашатын Аяш ежелгі қала көркемөнер сүйер 500 қонақты күтіп алады.

Йені Шафак газеті «Бешикташ командасы жеңді» деген тақырып қолданған. Газет Бешикташ футбол командасының УЕФА лигасы екінші алдыңғы іріктеу турында Фарер аралдары өкілі B36 Torshavn командасын 6-0 есебімен жекіп, үшінші турға шыққанын жазған.

 

 

 

 

 

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #УЕФА

Ұқсас жаңалықтар