Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Трамп: «Тек Ердоған жұмысын дұрыс атқаруда» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда өткен апта Бельгияның бас қаласы Брюссельде Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше елдердің басшыларынан қорғанысқа одан да көп ақша бөлу үшін уәде ала алмап еді.  Барлығына ашуланды.  Тек президент Режеп Тайып Ердоғанды қоспады.  Оған қарап: «Ердоғанды қоспаймын.  Ол жұмысын дұрыс атқаруда» деді.

Стар газеті «Хүржет Ұлыбританияда бірінші рет әлемге таныстырылды» деген хабар жариялаған.  Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі реактивті ұшақ және жақын қолдау ұшағын жетілдіру жобасы аясында Хүржет ұшағын жобалады.  Енді осы ұшақ Ұлыбританиядағы авиация көрмесінде таныстырылды.

Сабах газеті «Тұрақтылықты көрген шетелдік инвестор үй сатып алуға келді» деген хабарға орын берген.  Түркияны сенімді порт ретінде қабылдаған шетелдік инвестор «күту» жағдайынан шығып,  қайтадан үй сатып ала бастады.  Үй бағасы индексі деректеріне қарағанда маусым айында тұрғын үй жобаларының 10 пайызы шетелдіктерге сатылды.

Ватан газеті «Жолаушы рекорды» деген хабарға орын берген.  Еуропаның түрлі елдерінде өмір сүретін түріктер демалыс үшін ата мекенге келе бастады. Капыкуле шекара қақпасында 37 мың 138 жолаушы өтіп, рекорд жаңартылды.

Йени Шафак газеті «қанды ай» хабарын жариялаған.  Түркияда «қанды ай» тұтылуы 27 шілде күні кешкі сағат 20.10-да басталады. Ай тұтылуы 5 сағат 40 минутқа жалғасады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар