Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

1013992
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Манбидж Саммиті» деген хабарға орын берген. Газет Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден бұрын президент Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда телефондағы әңгіме барысында Манбиджтегі ортақ жол картасының атқарылуы және Сирия дағдарысы секілді тақырыптар қолға алынды. Екі лидер ынтымақтастықтың дамытылуы тақырыбына тоқталды.

Хүрриет газеті «Көкөніс экспортында Әлем кубогы допинг болды» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда  Түркияның көкөніс экспорты қаңтар-маусым айы мерзімінде өткен жылдың бірдей мерзімімен салыстырғанда көлем жағынан 16 пайыздық артумен 2 миллион 63 мың тонна, ал құндық жағынан 23 пайыздық артумен 1 миллиард 175 миллион 565 мың доллар ретінде жүзеге асты. Улудаг экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеге қарағанда атылмыш мерзімде Әлем кубогы матчтарының ықпалы болып, Түркияның Ресейге көкөніс экспорты артты.

Сабах газеті хабарын «Үлкен ұлттық технология талпынысы және ұшқышсыз соғыс ұшағы 2023 жылында» деген тақырыбымен берген. Газет Түркия отандық және ұлттық қару тақырыбында басқан қадамдарының күн сайын артқанын мәлімдеген. Газеттің қарағанда Түрік Қарулы Күштерінің инвентаризациясына кірген  «İHA және SİHA» атты қаруларын өндірген Baykar-дың Техникаға жауапты басшысы Селжук Байрактардан тағы бір сүйінші келді. Байрактар классикалық ұшақ кезеңінің аяқталғанын және ұшқышсыз ұшақ жобасы үшін жұмыстар бастағанын білдіріп, Соғыс ұшағының 2023 жылында аспанда қыр көрсетінін жариялады.

Хабар Түрік газеті «Отандық капитансыз кеме дамытылды» атты хабарға орын берген.  Газет Измирде түрік іскері Мехмет Салих Арыкөктің отандық мүмкіндіктерімен ұзақтан басқарылатын «капитансыз кеме» дамытқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда «Kaşif» атты кемесі іздеу және құтқару жұмыстарында, зілзала немесе кен ошағы тексерулерінде қолданылады. Бұл кеме сонымен қатар әскери мақсатты міндет атқару ерекшелігіне ие. Кеме қажетті болған жағдайда қарулы теңіз көлігіне де айналады.

Стар газеті «Түрік музыкасы Балканда тыңдалады» деген тақырып қолданған.  Газет Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРІКСОЙ жастар камералық оркестрінің Балқан елдеріне өзінің концерттік турнесін бастағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда ТҮРІКСОЙ-дың 25 жылдығына орай түрік классикалық музыкасы концерті Балканда екінші рет беріледі.



Ұқсас жаңалықтар