Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

994220
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Теңіз жағалауы күзету қолбасшылығы Түрік қарулы күштерінің күшін арттырады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған18 маусым Теңіз жағалауы күзету қолбасшылығының құрылу жылдығына орай жариялаған құттықтауында «Теңіз жағалауы күзету қолбасшылығымыз табысты жұмыстарымен біздерді қуантады, Түрік қарулы күштерімізге күш қосады» деді.

Ватан газеті «Отандық автокөлікті сатып алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық автокөлік тұтынушысының дайын екенін атап көрсеткен Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлү «Отандық марка автокөлікті экономисттердің айтуынша ‘сатып алды’. Қазір нарыққа шығатын болса миллионға жуық тапсырыс жинай аламыз» деді.

Сабах газеті «Мыңдаған адамға жұмыс!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде өрбітетін «Анкара Ғарыш және авиацияоқыту және Өнеркәсіптік аймақ жобасы» аясында 80 фирмаға орын беріліп, 40 фирмамен келісімге қол қойылды. Жобамен 15 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Стар газеті «Айт демалысы Мерсинде туризм саласын көркейтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы оқу, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) уақытша мұра тізімінде орын алған Қызкалеси аймағындағы мейманханалар Ораза  айтта 100 пайыз толды.

Йени шафак газеті «Хорватиядағы түрік кемесі құтқарылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хорватия теңіз, қатынас және инфрақұрылым министрлігі Адриатика теңізінде суға кете бастаған түрік байрақты жүк кемесінің 13 адамнан тұратын экипажын толығымен құтқарылғанын, жүк кемесінің жүзетін халға келтірілгенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар