Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

990099
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «TANAP-ты Ердоған ашады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзірбайжаннан Түркияға дейін созылатын және «энергияның Жібек жолы» деп аталатын Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы (TANAP) 12 маусым сейсенбі күні президент Режеп Тайып Ердоған және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысатын рәсіммен ашылады.

Ватан газеті «Капитал Түркияға ағады, Кореядан қашады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Қаржы институты (IIF) мағлұматтарына қарағанда ең көп нақты капитал кірісі биыл 51,3 миллиард доллармен Түркияда, ең көп шығыстың болса 77 миллиард доллармен Оңтүстік Кореяда болатыны болжалады.

Йени шафак газеті «Аселсан лазер қорғаныс жүйесін табысты түрде сынақтан өткізді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшісі Исмаил Демир Әскери электроникалық өнеркәсіптің (ASELSAN) Лазер қорғаныс жүйесінің сынақтарын табысты түрде аяқтағанын жариялады. Жүйе кеме платформалары, энергия стансалары, әуежайлар, шекара қауіпсіздік бөлімшелері, штаб ғимараттары және керуендердің өту бағыттарында да қолданылатын болады.

Стар газеті «Қорғаныс өнеркәсібі саласы 59 фирмамен Парижге барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік қорғаныс өнеркәсібі саласы Францияның Париж қаласында ұйымдастырылатын «Eurosatory Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік көрмесіне» 59 фирмамен қатысады.

Хүррийет газеті «Айтта жағалаудағы мейманханалар 100 пайыз толы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Акдениз (Жерорта теңізі) Туристік мейманхана қожайындары одағы (AKTOB) төрағасы Эркан Яғджы «Ораза айт кезеңінде барлық мейманханаларды 100 пайыз толатынын қазірден-ақ айтуымызға болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар