Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

987741
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Түркиядан Грекия президентіне наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Грекия президенті Прокопис Павлопулоның Еуроодақтың қоршаған орта бағдарламасы жайлы сөздері мен байланысты «Бұл мәлімдемелердің ешбір заңдылығы жоқ. Еуроодақтың Эгей мәселелері тақырыбында Грекияның саяси құрбаны болмауы үшін ескертуімізді қайталаймыз» делінді.

Хүррийет газеті «FBI тексеру бастады, дегенмен...» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ «АҚШ Фетуллахшы террор ұйымын қорғап қолдануға тырысады. Оларға үн қатамын. Түркияға қарсы қолдана алмайсыз. Олар пайдаланатын материал ерекшелігін жоғалтты. АҚШ Федералдық тергеу бюросы (FBI) АҚШ-тағы жұмыстарын тексере бастады. Бірақ біз Түркиядағы төңкеріс әрекетіне тергеу бастауын талап етудеміз» деді.

Стар газеті «Столтенберг Манбиджте жол картасы тақырыбында келісімге ризашылық білдірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Түркия мен АҚШ-тың Мандбиджте жол картасында келісімді» ризашылықпен қарсы алғандарын білдірді.

Хабертүрік газеті «Түрік мобильдік ойыны әлем тізімінде алғашқы 10-шы орында» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда түрік текті екі инженер жетілдірген мобильдік автокөлік ойыны6 күннің ішінде әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде 4 миллион адам тарапынан ойналды. Ойын 22 елде ең көп ойналған ойындар тізімінде алғашқы 10 ойынның бірі болды.

Сабах газеті «Қонақ үйлер 100 пайыз толды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эгей аймағының маңызды туризм орталықтарының бірі Айдынның Дидим мен Кушадасы аудандарындағы қонақүйлер, мектептердің жазғы демалысқа шығуы және ораза айтқа орай брондауда 100 пайыз толды.



Ұқсас жаңалықтар