Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

987045
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарымен келісілген Манбидж келісімі жөнінде мәлімдеме жасады. Чавушоғлу «АҚШ органдары PKK/PYD-YPG-ні террорлық ұйым деп қабылдайды деген сенімдемін. Террорлық ұйым Манбиджтен кететін кезде АҚШ берген қарулары кері алынады» деді.

Хүрриет газеті «Әлемдік банк Түркияға байланысты өсім болжамын өзгертті» деген тақырып қолданған. Әлемдік банктің «Жаһандық экономикалық болжамдар» рапортының маусым айына байланысты бөлімі жарияланды.  Рапортта кейбір елдердің өсім болжамдары өзгертілді.  Осыған орай, Әлемдік банк экономисттері Түркияның өсімін болжамын 2018 жыл үшін 4,5, 2019-2020 жылдар үшін 4 пайыз деп белгіледі.

Сабах газеті «Алғашқы бұрғы кемесі Анталияға жетті» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда,   Измит шығанағынан жолға шыққан, Түркия Мұнайлары акционерлік қоғамының Жерорта теңізіндегі бұрғысында қолданылатын кеме «Фатих» Анталияға келіп жетті.

Ватан газеті «Түркияның ең құнды бренді – Түрік Әуе жолдары» деген хабар жариялаған. Халықаралық брендтерге баға беру ұйымы Brand Finance-тың зерттеуіне қарағанда 2 миллиард 42 миллион долларлық құнымен «Түркияның ең құнды бренді» Түрік Әуе жолдары болды.

Стар газеті «Түрік компаниясы неміс алпауытын сатып алды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  оперативтік жалға алу секторында 2013 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан Borlease Grup немістің сақтандыру алпауыты Magdeburger компаниясын сатып алды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар