Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған Палестина мемлекет басшысы Аббаспен сөйлесті» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған Аббастың денсаулығын сұрады және 18 мамыр күні Стамбулда болған Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс жиналысының қорытындысы жөнінде мәлімет берді. екі лидер табысты өткен жиналыстың Ислам елдерінің ортақ ұстаным көрсетуі тұрғысынан да маңызды екенін атап өтті.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу палестиналықтарды өлтірген Израильдің есеп беретінін айтты. Министр Палестина Сыртқы істер министрі Риад әл Маликидің Израиль қырғынына байланысты құжаттарды Халықаралық Қылмыс сотына тапсырғанын білдірді.  «Бүгін Палестина Сыртқы істер министрі Израильдің қылмыстарын Халықаралық Қылмыс сотына білдірді.  Осы істі тастамаймыз» деді ол.

Стар газеті «Түркия Ауғанстандағы лаңкестікті айыптады» деген тақырып қолданған.  Түркия Ауғанстанның Кандахар уәлаятында болған лаңкестікті айыптады.  Сыртқы істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялап,  лаңкестікте көптеген адамның қаза тапқанын және жарақат алғанын білдірді.  Хабарламада «Опасыз лаңкестікті айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз, дос Ауғанстан үкіметі мен бауырлас ауған халқына көңіл айтамыз, жаралыларға шипа тілейміз» делінген.

Хабер Түрік газеті Аселсан жаңалықтарына орын берген. Әскери электроникалық өнеркәсіп АСЕЛСАН-да жетілдірілген көп қабатты микро толқын керамика KATMER технологиясымен шағын және мықты радар және электроникалық әскери жиһаздар өндіріледі. Компанияның хабарламасына қарағанда, KATMER технологиясы қолданылып 30 есеге дейін өндірілетін микро толқындардан қалыптастырылған модульдер классикалық әдістермен өндірілген модульдермен салыстырғанда өте шағын көлемге сыяды. Осылайша отандық техникамен ғарыш жұмыстарында үлкен артықшылық болады.

Йени Шафак газеті «Түркияның ең ірі ұшақ кемесі үшін дайындық жалғасуда» деген тақырып қолданған.  Түркияның отандық қорғаныс стратегиясы түсінігі ішінде İÇDAŞ кеме жасау зауытында ұшақ кемесі құрылысы үшін дайындық жалғасуда. Құны 50 миллион доллар болатын базада Түркияның ең ірі шеберханасы құрылады. Ұшақ кемесі құрылысы жұмысқа орналастыруды да арттырады.



Ұқсас жаңалықтар