Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркияның қасиетті Иерусалим жөніндегі тұғыры айқын» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Әділет және даму партиясы орталығында ұйымдастырылған дәстүрлі өкілетті елшіліктер ауыз ашарында сөз сөйлегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Қасиетті Иерусалимді қорғауға белді бекем байладық. Тұңғыш құбыламызды қорғай алмасақ, соңғы құбыламыздың болашағына сеніммен қарай алмаймыз. Алғашқы құбыламызды, талай жылдан бері жаулаған бір елдің қолына бере алмаймыз» деді.

Ватан газеті «Мәселені Әлем сауда ұйымына көтереміз» атты тақырып қолданған. Газет Америка Құрама Штаттарының болат пен алюминий салығында Түркияға бір жеңілдік көрсетпегенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Экономика министрінің орынбасары Фатих Метин АҚШ-тың астанасы Вашингтонда Каспий саясат орталығы тарапынан ұйымдастырылған «2018 Транс-Каспий Форумына» қатысып, Түрік-Америка экономикалық қарым-қатынастарына байланысты мәлімдеме жасады.  АҚШ-тың импорт болат пен алюминийге қосымша салық салуына байланысты көзқарастарын білдірген Метин «Егер таяуда Түркия туралы болымсыз бір өзгеріс болатын болса, онда мәселені Әлем сауда ұйымына көтереміз. Қазір АҚШ-тың жасайтын соңғы шешімін күтудеміз» деді.

Стар газеті хабарын «Бөгет, өзен және көлдерден өндірілген электрде арту болды» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияның электр  өндірісінің өткен апта тарихи бір процестен өткенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда осы апта басында электр өндірісінде табиғи газ үлесі барлық уақыттың рекордын жаратты және әр күнге шаққанда 21 пайызға дейін төмендеді.

Хабар Түрік газеті «Стамбулдан 4 айда 32 миллионнан астам жолаушы ұшақпен ұшты» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Мемлекеттік әуежайы басқармасының көрсеткіштері бойынша Стамбулдағы Ататүрік және Сабиха Гөкчен әуежайларына биылғы жылдың алғашқы төрт айында келген жолаушы саны өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда, 4 миллион 845 мың 581 артып, 32 миллион 218 мың 911 адам болды. Қаладағы екі әуежайында қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір айларында келген-кеткен жолаушы және атқарылған рейс саны артты. Ататүрік әуежайын биылғы жылдың алғашқы төрт айында ішкі желіде 6 миллион 291 мың 876,  сыртқы желіде 15 миллион 225 мың 546, барлығы 21 миллион 517 мың 422 жолаушы қолданды. Сабиха Гөкчен әуежайында болса төрт айда келген-кеткен жолаушы саны 10 миллион 701 мың 489 болды.  Осы жолаушылардың 7 миллион 238 мың 92-сі ішкі жәледен, 3 миллион 463 мың 397-сі сыртқы желіден ұшты.

 


Этикеттер: АҚШ , Ататүрік

Ұқсас жаңалықтар