Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

967856
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған АҚШ шынайы достарынан айырылады» деген хабарға орын берген. Газет Президент Ердоған АҚШ-тың CNN International телеарнасының журналисті Бэки Андерсонның сұрақтарына жауап бергенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Иран ядролық келісіміне берік болмағандықтан жеңіліске ұшырайтын тарап болатынын айтты. Ердоған «Бұдан жеңіліске ұшырайтын АҚШ болады. Иран келісімнен шегінбейді. Берік болады.  АҚШ жеңіліске ұшырайды.  Себебі өзі қол қойған келісімге берік болмады. Халықаралық келісімдер біз қалаған кезде бұзып,  қалаған кезде қайта жасалатын нәрсе емес. Қол қойған болсаң, берік болуың керек» деп жауап берді.

Стар газеті «Түркия БҰҰ комиссарына наразылық көрсетті» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейіннің Түркиядағы сайлау шешімін сынға тартқанына наразылық көрсеткенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Зейд Раад әл-Хусейіннің Түркиямен байланысты мәлімдемесіне жауап берді. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Түркия жөнінде сыңар жақты бір мәлімдеме жасағанын баяндаған Акчсой «Бұл мәлімдеме ұлтымызға өкілдік еткен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жасаған сайлау шешімін тергеуде және тәуелсіз бір елдің әкімшілігінің ішкі істеріне килігу. Түбегейлі түрде саяси мақсатты, біз бұны қабылдамаймыз» деген сөздер қолданды.

Йеши Шафак газеті хабарын «АҚШ келісімге берік болуы керек» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының Иранмен ядролық келісімнен шығу шешімін «Мемлекет қол қойған келісімнен бас тартпауы керек» деген сөздермен түсіндірді.

Хүрриет газеті «Түркия үшін өсу болжамы» атты хабарға орын берген. Газет Еуропа қайта құру және даму банкінің жариялаған рапортында Түркияның өсу болжамын 2018 жылы үшін  3,5 пайыздан  4,4  пайызға көтерді. 2019 жылы үшін болжамының да 4,2 пайыз ретінде ортаға қойды.

 

 


Этикеттер: #АҚШ , #Еуропа

Ұқсас жаңалықтар