Түрік баспасөзі шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзі шолу

Сабах газеті «Ердоған: Әлемге сүйіншіміз бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен бірге президенттік сарайда баспасөз жиналысы ұйымдастырды. Ердоған «ТАНАП (Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі) маусым айында салтанатты түрде ашылады. Сайлау алдында ұлтымызға және бүкіл әлемге сүйінші болады» деді.

Йени шафак газеті «Испания мен Түркия арасында ынтымақтастық өте мықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Испания Туризм министрі Алваро Надал премьер-министр Бинали Йылдырым қонақ ретінде қатысқан «Nueva Economia» форумының ашылу бағдарламасында баяндама жасады. Испания мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың өте мықты екенін атап көрсеткен Надал екі ел арасында НАТО одақтастығына қоса, террормен күрес саласында да ауқымды бір ынтымақтастық бар екенін атап көрсетті.

Ватан газеті «Ресей S-400 зымыран жүйесінің өндірісін бастады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда орыс мемлекеттік қару экспорттау фирмасы Рособронэкспорттың төрағасы  Александр Михеев Түркияға тапсырылатын S-400 әуе қорғаныс жүйесінің өндірісін бастағандарын атап көрсетті.

Стар газеті «Түркияда болат өндірісі әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық шикі болат өндірісі наурыз айында 4 пайыз өсіп, 148,3 миллион тоннаға көтерілді. Түркияның наурыз айы шикі болат өндірісі болса 7,6 пайыз өсіп, 3,4 миллион тоннаға ұласты.

Хабертүрік газеті «Алғашқы таңдаулары Түркия болды!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия қонақүйлер одағының (TÜROB) Украина рапортында украиналықтардың 1,3 миллион адаммен демалыс туризмінде ең көп таңдалған ел Түркия болса, 2017 жылы Түркиядан Украинаға барған турист саны 270 мың адам сияқты маңызды бір деңгейге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар