Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер кеше Анкарада болып өткен Сирия тақырыпты үштік саммитпен байланысты жаңалықтарға кең орын берген.

944868
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ортақ шешім қабылданды: Сирияның шекара тұтастығында ортақ көзқарастамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығында Анкарада жүзеге асқан Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті аяқталды. Президент Ердоған аймақта террор ұйымдарының барлығына бірдей ұстаным көрсету керектігін атағанда, Иран елбасы Хасан Рухани «Жаралыларды емдеу тақырыбында келістік» деді. Ресей президенті Владимир Путин болса «Сирияның шекара тұтастығында үш ел ортақ көзқараста» деп баяндады.

Хабертүрік газеті «Путин Ердоғанның Сирия үшін жаңа ұсынысын жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Иран елбасы Хасан Руханимен бас қосқан үштік Сирия саммитінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді. Путин саммит аясында президент Ердоғанның Сирияда медициналық жәрдемге мұқтаж адамдарға жедел жәрдем жеткізу мақсатты бір жұмыс бастауды ұсынғанын және бұл тақырыпта үш басшының келіскенін білдірді.

Йени шафак газеті «Сирия саммиті декларациясы жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран елбасы Хасан Руханидің Анкарада жүзеге асқан Сирия тақырыпты саммиттің артынан ортақ декларация жариялады. Сирия тақырыпты басшылар саммитінде, Түркия, Ресей және Иранның Сирияның шекара тұтастығын қорғау үшін «террормен күрес сылтауымен жаңа алаңдар құру туралы» әртүрлі бастаманың қабылданбағаны атап көрсетілді.

Сабах газеті «Еуроодақ делегациясы Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик виза жеңілдігі тақырыбында бір Еуроодақ делегациясының ағымдағы айдың ішінде Түркияға келетінін атап көрсетті. Челик Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы комиссиясында айтқан сөзінде виза жеңілдігі тақырыбының Еуроодақ комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Франц Тиммерманспен талқылағанын атап, «Олар біз берген құжатпен байланысты техникалық бір делегация ретінде осы айдың ішінде Түркияға жіберіледі, өз көзқарастарын бізге жеткізбек» деді.

Стар газеті «Түркия берген ақпараттың арқасында террор шабуылының алдын алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Федеральдық Қауіпсіздік Қызметі (ФСБ) директоры Александр Бротников Халықаралық 7-ші Мәскеу қауіпсіздік конференциясында жасаған баяндамасында Түркия мен АҚШ-тың ақпараттары арқылы елде жаңа жыл мерекесі тойлағандарды нысанаға алатын екі террор шабуылының алдын алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар