Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

943249
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік Газеті «Кремльден Путиннің Түркия сапары қарсаңында мәлімдеме жасалды» деген хабарға орын берген. Газет Ресей президенттік сарайы Кремльдің Сыртқы саясат жөніндегі ақылшысы Юрий Ушаковтың Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға ресми сапармен келетінін мәлімдегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ушаков мәлімдемесінде  Путиннің  Режеп Тайып Ердоғанмен өткізетін кездесуінде екі ел қарым-қатынастарын, Сирия мәселесін, аймақтық және халықаралық тақырыптарды қолға алатынын баяндады.

Сабах газеті «Отандық қару қолданылады» атты тақырып қолданған. Газет әскери электроника өнеркәсібінің танк, қарулы құрлық көлігі және тұрақты базалардың қорғалуы мақсатымен дамытылған SARP ұзақтан басқаратын қару жүйесінен осы таңға дейін мөлшермен 1350 дана өндіргенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда SARP-тардың мыңы ел ішінде қолдануда, қалғандары шетелге сатылды. Әскери электроника өнеркәсібі таяуда SARP жүйесіне жаңа өнімдер қосуға дайындалуда.

Ватан газеті хабарын «Түркия үлкен табыстарға қол жеткізді. Біз түрік қаруларына назар аударудамыз» деген тақырыбымен берген. Газет Грузия Қорғаныс министрі Леван Изорианың Түркияның әскери техника саласында ілгерілегенін және түрік қаруларына назар аударғандарын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Изориа 30 наурыз күні екі күндік іссапармен Анкараға келді. Сапар аясында Қорғаныс министрі Нуреттин Жаниклимен кездесті. Екі министр одан кейін Гиресунға барып, Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен үштік кездесу өткізді.Үштік кездесуден кейін баспасөз жиналысында мәлімдеме жасаған Леван Изориа Тбилисидің әскери техника саласында Анкарамен ынтымақтастық жасағысы келгенін білдірді. Изориа «Әскери техника саласында Түркиямен ынтымақтастық жасағымыз келеді. Біз сіздердің табыстарыңызға назар аударудамыз. Екі елдің ынтымақтастығы барған сайын артуда. Әсіресе қауіпсіздік саласында ынтымақтастығымыздың артуы күн тәртіпте келуде » деді.

Стар газеті «Анталия туризмде наурыз айында рекорд жаратты» атты хабарға орын берген. Газет Анталия губернаторы Мүнир Караоғлұның мәлімдемесінде 2017 жылының наурыз айында қалаға 165 мың турист келгенін, ал осы жылдың наурыз айының турист санақтарының 286 мыңға жеткенін мәлімдегенін жазған.  Газеттің хабарына қарағанда 2017 жылының наурыз айына қарағанда 73 пайыздық арту және осы жылдың алғашқы үш айында 47 пайыздық арту болғанын мәлімдеген Караоғлұ 2018 жылы үшін 14 миллион турист нысанасы үшін үмітті екенін айтты.

Хүрриет газеті «УЕФА Мелиз Өзчигдемге міндет берді» деген тақырып қолданған. Газет Халықаралық футбол федерациясы УЕФА дипломы болған әйел төреші Мелиз Өзчигдем және УЕФА дипломы болған төреші орынбасары Дейбет Гөктің 19 жастан төменгі әйелдер Еуропа Чемпионаты 2018 матчында төреші болып міндет атқаратынын мәлімдеген.

 


Этикеттер: #Ресей , #Анталия

Ұқсас жаңалықтар