Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және Түркия жайлы кейбір жаңалықтарға орын берген.

942369
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Әй! Нетаньяху, сен өте әлсіз, өте бейшарасың» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Аданада халыққа үн қатты.Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға наразылық көрсетіп, «Әй! Нетаньяху, сен өте әлсіз, өте бейшарасың! Есіңді жина. Сен террор мемлекетсің» деді. Конгрессте сөйлеген президент Нетаньяхуға бағыттап, «Нетаньяху сен басқыншысың. Сондай-ақ сен террористсің» деді.

Сабах газеті «Чавушоғлунан АҚШ мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның бақылауындағы алаңдарды қайта салу үшін бөлген 200 миллион долларлық жәрдемді тоқтату шешімін «болымды» деп қабылдағанын атап айтты. Чавушоғлу Диярбакырда «Бұл қаржыны ДАИШ-тен тазаланған аймақта адамдардың одан салауатты өмір сүруі үшін жұмсау керек» деді.

Ватан газеті «Зейбекчи: Экспортта қазірге дейінгі ең үлкен рекордты жаңарттық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Экономика министрі Нихат Зейбекчи жекеменшік бір арнада күн тәртіпті бағалады. Зейбекчи 2018 жылдың алғашқы ширегі үшін өсу болжамының 6 пайыздан асқанын мәлімдеді. Экспортта қазірге дейінгі ең жоғарғы рекордты жаңартқандарын атап көрсеткен министр Зейбекчи «Экспорт наурыз айында өткен жылдың бірдей уақытымен салыстырған 11,5 пайыз өсіп, 15 миллиард 106 миллион долларға ұласты. Бұл тарихымыздың ең үлкен көрсеткіші» деді.

Стар газеті «Энергия саудасы және қамтамасыз ету саммиті Стамбұлда болып өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл үшінші рет ұйымдастырылатын Энергия саудасы және қамтамасыз ету саммиті «ISTRADE 2018» 9-10 сәуір күндері Стамбұлда жүзеге асады. Саммитті ұйымдастырушы ретінде Энергия көрмесі жұмыс тобы жасаған мәлімдемеге қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрлігі мен Энергия нарықтары реттеу мекемесінің қолдауымен жүзеге асатын саммитте энергия саудасының проблемалары, энергия саудасындағы соңғы жаңалықтар, мақсаттар мен нарықтардың болашағы қолға алынады.

Хүррийет газеті«Маусымның алғашқы круиз кемесімен 1 мың 780 адам қалаға келді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркияда круиз кемелерінің шамамен 75 пайызын қонақ еткен Эгей Кушадасы жолаушы портыкеше азанда «Celestyal Majesty» атты жолаушы кемесі аялдады. Барлығы 1 мың 780 турист Кушадасы портынан қалаға кірді. Көпшілігі Еуроодақ тұрғыны туристтер азанғы уақыттан бастап алдымен қажылықтарын орындау үшін «Қасиетті Мариям» турына, артынан Эфес ежелгі қаласына турға қатысты. «Celestyal Majesty»-дің осы маусым 30 рет келетіні және шамамен 60 мың туристті қалаға таситыны атап көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар