Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

933447
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Ресей президенті Путинмен телефонда сөйлесті» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып  Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясының  президенттігіне қайта сайлануымен Владимир Путинді құттықтады. Телефондағы әңгімесінде Ердоған екі ел қарым-қатынастары және Сирия тақырыбында келесі ай Стамбулда Иран президенті Хасан Рухани де қатысатын үштік саммитіне тоқталды. Телефон әңгімелерінде екі лидер екі ел арасындағы ынтымақтастығын күшейту жөніндегі табандылығын қайталады.

Ватан газеті «Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ жөнінде мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданған. Газет Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Әл-Жазира ағылшын телеарнасында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Сирияның Манбидж қаласында соңғы кезеңде Америка Құрама Штаттарымен келіссөз жүргізгендеріне назар аударып «Жалпы айтқанда келістік. Енді бұл келісімнің атқарылуын күтудеміз. Егер атқарылатын болса, онда АҚШ-пен бетпе-бет үзеңгі қағыстырмаймыз» деді.

Хүрриет газеті хабарын «Йылдырым Африн жөнінде мәлімдеме жасады» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Бештепе ұлттық мәдениет және конгресс орталығында сөз сөйлегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр Йылдырым Сирияның Африн аймағының бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-дан азат етілуімен байланысты «Аймақта террор ұйымдарын қаруландырғандардың және осы ұйымдарды ынталандырғандардың Түркияға ақыл айту құқығы жоқ. Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы әскерлері Афринді және маңын барлық террористтерден азат етті. Террор қаупі түбегейлі жойылғанға дейін біз осы аймақтағы күрестерімізді табанды түрде жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Түркия біреудің территориясына көз тігетін бір ел емес» атты хабарға орын берген. Газет Македония Республикасы шетелдік инвестицияларға жауапты мемлекеттік министрі Аднан Кахилдің Карабукте мәлімдеме жасағанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Аднан Кахил жасаған мәлімдемесінде Еуропа Одағының Түркияға Африн жөнінде ескерту жасауына байланысты «Қорыта айтқанда Африн азат етілді. Президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай Африн бұдан кейінгі кезеңде сол жерде өмір сүрген халыққа тапсырып беріледі. Ешкім басқаша ойламасын. Түркия біреудің территориясына көз тігетін бір ел емес. Бұған сенеміз» деді.

Хабар Түрік газеті «Стамбулдан екі айда мөлшермен 15 жолаушы ұшақпен ұшты» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда мемлекеттік әуежайы басқармасының көрсеткіштері бойынша Ататүрік және Сабиха Гөкчен әуежайынан 2018 жылының алғашқы екі айында қызмет көрген жолаушы саны 2017 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда 2 миллион 826 мың 409 пайыз артып, 15 миллион 69 мың 27 адамға ұласты. 


Этикеттер: #Ресей , #Сирия , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар