Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

911744
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Тиллерсонды қабылдады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға жұмыс сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатгысы Рекс Тиллерсонды қабылдады.  Ердоған Тиллерсонға Сирия мен Ирактағы басымдықтарын ашық түрде жеткізді.  Бештепеде болған қабылдауда өңір проблемалары және терроризммен күрес қолға алынды.

Ватан газеті премьер-министр Бинали Йылдырымның сөздеріне орын берген. Премьер-министр Йылдырым Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен бас қосты.  Кездесуден кейін екі басшы журналисттердің алдына шықты.  Премьер-министр Бинали Йылдырым Германия мен Түркия қарым-қатынастарында жаңа кезең басталғанын білдірді.  Йылдырым: «Ел басшылары ретінде бір-бірімізге жеткілікті уақыт бөлмедік.  Бұлар артта қалды,  жаңа кезеңдеміз» деді.

Сабах газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген. ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Джеймс Маттиспен Брюссельде НАТО штабында кездесті.  Министр АҚШ тарапынан террорлық ұйым YPG-ні террорлық ұйым PKK-ға қарсы соғыстыруға болатынын айтқанын білдірді.

Стар газеті Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің сөздерін жариялаған.  Хабардың тақырыбы «Түркиямен 2012 жылы ТАНАП-қа қол қоюымыз – тарихи оқиға» деп аталады. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев бас қала Бакуде өткен Оңтүстік газ коридоры ақылдасу кеңесінің 4-ші Министрлер жиналысында сөз сөйледі. Алиев Әзірбайжан, Түркия және Грузия арасында бірнеше жыл бұрын құрылған аймақтық ынтымақтастықтың енді басқа елдердің да қосылуымен ауқымды серіктестікке айналғанын айтты.  «Түркиямен 2012 жылы Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісіне қол қоюымыз тарихи оқиға болатын» деді ол.

Хабер Түрік газеті «Түркияға ең көп инвестиция салған ел анықталды» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Түркия Республикасы Орталық банкі деректеріне қарағанда,  Түркияға 2017 жылы 7 миллиард 437 миллион долларлық тікелей шетелдік инвестиция келді.  Инвестицияны ең көп арттырған ел Испания болды.  Түркияға ең көп инвестиция салған ел болса Голландия.  



Ұқсас жаңалықтар