Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркиямен байланысты жаңалықтарға орын берген.

906297
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Иерусалим жастар астанасының құрметті төрағасы сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасының өкілетті кеңесінің құрметті төрағалығына сайланды. Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) қарасты Халықаралық Ислам конференциясы келіссөз және ынтымақтастығы жастар форумы мекемесі мен Палестина Жастар спорт министрлігі ортақ ұйымдастырған «Иерусалим 2018 Ислам әлемі жастар астанасы» бағдарламасы ашылуы Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың қонақжайлығында Палестинада өткізілді.

Йени шафак газеті «Зәйтүн бұтағы операциясы жоспарланғандай жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын журналисттерге жасаған мәлімдемеде Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясының жоспарланғандай табысты түрде жалғасқанын атап, операция басталғаннан бері залалсыздандырылған террорист санының мыңнан асқанын атап көрсетті.

Стар газеті «Түрік әскерінің Аден шығанағындағы қызмет мерзімі созылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Аден шығанағындағы Сомали теңіз айдыны, Араб теңізі және дау-дамайлы аймақтарда Түрік қарулы күштері теңіз жасақтарының міндет мерзімін тағы бір жылға созатын премьер-министр рұқсаты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) жалпы кеңесінде қабылданды.

Хабертүрік газеті «Чавушоғлу Иранда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми байланыстар аясында Иранның бас қаласы Тегеранға барды. Байланыстары аясында Сыртқы істер министрі Джеват Зарифпен бас қосқан Чавушоғлу кейін Иран елбасы Хасан Рухани тарапынан қабылданды. Кездесуде екі жақты ынтымақтастықтар мен күн тәртібіндегі аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Хүррийет газеті «Еуроодақ министрі Челиктен виза мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі Өмер Челик Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) Еуроодаққа сәйкестендіру комиссиясы төрағасы және мүшелерімен басқосып, мәлімдеме жасады. Челик Еуроодақпен жүргізілген «виза жеңілдігі» келіссөздерімен байланысты «Виза жеңілдігі тақырыбымен байланысты жұмыстарымызды аяқтадық. Түркия өз жауапкершілігін лайықты түрде орындады. Бізше 72 ереже толығымен орындалды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар