Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Африндегі операция жайлы жаңалықтарға кең орын берген.

896861
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «YPG-ге берген қолдауды тоқтатыңыз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған жәнеАҚШ президенті Дональд Трамп кеше кешкі уақытта телефонмен әңгімелесті. Президент Ердоғанға телефон шалған Трампқа қару жәрдемі үшін наразылық тілге тиек етілді. Террормен күресте екі жақты ынтымақтастықтың маңызына назар аударған Ердоған «Террормен күрес аясында Америка Құрама Штаттары PYD/YPG-ге қару-жарақ жәрдемін тоқтату керек» деді.

Хүррийет газеті «Шекара бойынша қауіпсіздік желісі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның өзіне 30 шақырымдық қауіпсіздік желісі құру ұсынысы жасағанын атап көрсетті. Чавушоғлу Тиллерсонның «Сізге зымыран құлайды. Біз алдында 10 шақырымдық бір желі ойлайтынбыз. Негізінде 30 шақырым болу керектігін байқадық. Бұл сіз үшін де ыңғайлы. Сирия шекарасы бойынша қауіпсіздік желісі құрылса, террор шабуылы  ықпал етпейді» дегенін жеткізді.

Хабартүрік газеті «287 террорист залалсыздандырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бас штаб басқармасы Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясы аясында кеше 47 нысананы атқылағандарын және залалсыздандырылған террорист санының 287 екенін мәлімдеді.

Сабах газеті «Премьер-министр Йылдырым: Зәйтүн бұтағы операциясы жоспарланғандай жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Чанкая резиденциясында Нигер премьер-министрі Бриги Рафинимен бас қосты. Екі басшы кездесудің артынан жасаған ортақ баспасөз жиналысында мәлімдеме жасады. Премьер-министр Йылдырым Зәйтүн бұтағы операциясымен байланысты «қазірге дейін жоспарланғандай операциямыз жалғасуда. Майданда тазалау жұмыстары жүргізіледі» деді. Террордың әртүрлісіне қарсы аяусыз күрес жүргізгендерін атап айтқан Йылдырым Зәйтүн бұтағы операциясының мақсатының Сирияның шекара тұтастығын қамтамасыз ету, аймақтағы террор құрылымдарының сол жерде өмір сүрген күрд, араб және түрікмендерге жасаған қысым мен зұлымдықты жою екенін мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар