Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Африн ауданына бағытталған "Зәйтүн бұтағы операциясы" жайлы жаңалықтарға кең орын берген.

894958
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоғаннан АҚШ-қа мерзім жауабы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияның Африн аймағындағы террористтерге қарсы басталған операция үшін «Уақыты белгілену керек, ұзаққа созылмауы керек» деген АҚШ-қа президент Ердоған "Ауғанстанда сіздің уақытыңыз анықталды ма? Қашан аяқталмақ? Біз 2002 жылы билікке келмей тұрғанда, Иракқа басып кірдіңіз. Әлі сол жақтасыз. Қазір де Сирияға кірдіңіз, мұның мерзімі бола ма?» деп наразылық көрсетті.

Ватан газеті «Соққы енгізілген террор ұйымында бөлек көзқарастар ортаға шыға бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Африн қала орталығына қарай ілгерілеген операциямен байланысты PKK/YPG-лік террористер арасында бөлек көзқарастар ортаға шыға бастады. Ұйымдағы бір топ қаланы Асад режиміне өткізуді қолдайды. Аталмыш топтың Дамаск режимі мен 3 күннің ішінде 7 рет кездесу өткізгені білдірілді. Ұйым ішіндегі тағы бір топ болса Афринді Ресейге қалдыруды жақтайды. Дегенмен Ресейдің мұны қабылдамағаны алға тартылуда. Ұйым ішіндегі үшінші бір топ болса, бейбіт адамдардың ауданнан кетуіне рұқсат бермей, қақтығыстарға дайындалуды .

Сабах газеті «80 миллион бір жүрек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Оңтүстік шығыс Анадолы халқы PKK/PYD-YPG террор ұйымының теріс үгіт-насихатына ең жақсы жауапты қайтарды, үй мен жұмыс орындарына түрік жалаулары ілді. Елдің түкпір-түкпіріне ілінген жалаулармен Африн операциясына қолдау берілді.

Йени шафак газеті «Афринде PKK/PYD мен ДАИШ ынтымақтастығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда PKK/PYD мен ДАИШ террор ұйымдары арасында айқындалған ынтымақтастыққа жаңасы қосылды. Африндегі террор ұйымы PYD/PKK түрмелерде ұстап отырған ДАИШ-тік террористерді Түрік қарулы күштері және Еркін Сирия армиясына қарсы соғысу шартымен босатты.

Стар газеті «Зәйтүн бұтағы операциясы доллардың құнын төмендетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Зәйтүн бұтағы операциясы нарықтардың аптаны болымды бастауына себеп болды. Операцияның басталуымен доллардың құны да түсті. Африн операциясының басталуымен доллар 3.85 түрік лирасынан кеше 3.79 түрік лирасына шегерілді.



Ұқсас жаңалықтар