Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

890209
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Африн операциясын Сириядағы оппозициялық топтармен бірге жүргіземіз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.  Ол Сирияның солтүстігінде террорлық ұяға айналған Афринге жүргізілетін операцияны Сирия оппозициялық топтарымен бірге жасайтындарын білдірді.

Сабах газеті «Президент Ердоғаннан тарихи сапар» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған 5 ақпан күні Папа Францисктің қонағы ретінде Ватиканға барады.  Ердоғанның католиктердің рухани лидері Папа Францискпен кездесуінде ең маңызды тақырып Иерусалим болмақ.  Президент Ердоғанның Ватикан сапары 59 жылдан кейін президент деңгейінде ұйымдастырылатын алғашқы сапар болады.

 Хабер Түрік газеті «Рұқсат бермейміз» деген тақырып қолданған.  Штаб-пәтер басқармасы басшысы, армия генералы Хулуси Акар Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО Әскери комитет Штаб-пәтер басшылары жиналысына қатысты. Хабарға қарағанда Акар жиналыста сөйлеген сөзінде «PKK-ның жалғасы екені дәлелденген YPG террорлық ұйымының «оперативтік серік» деген сылтаумен қолдау берілуі және қаруландырылуына рұқсат бермейміз. Осы қатеден тез арада бас тартуын күтеміз» деді.

 Йени Шафак газеті «80 миллиардтық 20 жоба» деген тақырып қолданған.  ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи импорты көп секторларға бағытталған жобаларды ынталандыру жүйесіндегі барлығы 80 миллиард лиралық инвестицияларға байланысты шешімнің Министрлер кабинетінде қабылданатынын айтты.  Министр осы бастаманы «Түркия өз алпауыттарын шығарады» деп түсіндірді.

Стар газеті «Германия нарығынан 4 миллион турист күтеміз» деген хабар жариялаған. Түркия Саяхат агенттіктері одағының Шетелдегі өкілі Хүсейін Баранер әлемнің ең ірі демалыс және туризм көрмелерінің бірі деп есептелетін 50. CMT көрмесінде түрік павильонына қызығушылықтың үлкен екенін айтты.  Көрме 13 қаңтар күні басталды, 21 қаңтар күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар