Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Енді жаңа Түркия бар» деген тақырып қолданған.  Президент, Әділет және даму партиясының басшысы Режеп Тайып Ердоған Анкарада Қазан ауданында бір комбинаттың ашылу салтанатына қатысты.  Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде Түркияның 2023 жылғы мақсаттарына жететінін айтып: «Біз міндетке келгенде елдің Халықаралық Валюта фондына 23,5 миллиард доллар қарызы бар еді. 2013 жылы Халықаралық Валюта фондына қарызымызды төлеп болдық.  ІМҒ бізден қарыз алып отыр. Валюта резервіміз де 150 миллиард доллар болады. Түркия бұрынғы Түркия емес,  енді жаңа Түркия бар» деді.

Сабах газеті «Премьер-министр Йылдырым: АҚШ осы қатеден кері қайтуы керек» деген хабар жариялаған.  Премьер-министр Бинали Йылдырым Анкарада Америка Құрама Штаттарының террорлық армия арандатушылығына қатаң наразылық білдіріп: « Ешбір құрылымға рұқсат бермейміз.  АҚШ террорлық ұйымдарға ашықтан ашық қолдау беріп отыр.  Бұның мағынасы террорлық ұйымдардың артынан Түркияға дұшпандық ету.  Қауіп кімнен келсе де қанымыздың соңғы тамшысына дейін елімізді қорғаймыз. АҚШ бұл қатеден кері қайтуы керек» деді.

Стар газеті Лавров хабарына орын берген.  Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террорлық ұйым PKK/PYD элементтерімен бір армия құру бастамасына Ресейден де наразылық келді.  Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының осы бастамасының Сирияның территория тұтастығына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып, «АҚШ-тан осы тақырыпта егжей-тегжейлі мәлімдеме күтеміз» деді.

Хүрриет газеті «Өнеркәсіпте рекорд» деген хабар жариялаған.  Өнеркәсіп секторы 2017 жылдың қазан айында 5 миллион 470 мың адамдық жұмысқа орналастырумен тарихи шыңына жетті.  Әсіресе жұмысқа орналастыру бағдарламасы аясында өндіріс өнеркәсібіндегі жұмысқа орналастыру артты.  Жұмыссыздық көрсеткіші болса төмендеп келеді.  Қазан айында жұмыссыздық көрсеткіші 10,3 пайызға төмендеді.

Ватан газеті «Мұздан мүсіндерге келушілер көп» деген тақырып қолданған.  Анталияда Аквариум сауда орталығындағы  Қар әлемі ойын-сауық орталығында дайындалған «Мұздан мүсіндер мұражайы» отандық және шетелдік туристердің назарын аударды.  Адам фигурасы, шіркеу,  туған күн орындары,  патша тағы мен түрлі жануарлардың мүсіндері балаларды қуанышқа бөледі.



Ұқсас жаңалықтар